Page 140 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 140
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Түлкі мен қоян special.edu.kz.
І
Аш түлкі інінен шықты. Тоғай ішінде бірнеше күн жортты.
Оның аш жүргеніне бірнеше күн болған еді. Себебі, еріген
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қар індеріне құйылған тышқандар түлкіге ұстатпады. Олар
терең інге тығылып қалыпты. Бұрын қар астына жасырына-
тын құрлар енді ағаш басына шығып кетіпті.
Түлкі тағы жем іздеуге шықты. Түн қараңғылана баста-
ды. Жел уілдеп соғып тұр. Түлкіге де керегі – осы. Ағаштың
шуылы, өзеннің гүрілдеген дауысы түлкінің қимылын білдір-
мейді.
Түлкі жортып келеді. Тамағын жерге төсеп жата қала-
ды. Сүп-сүйір тұмсығын желге тосады. Бар ойы – жейтін бір
нәрсе табу. Шіркін, тойып жесе ғой... Ол тағы иіс алады. Бір
сәт тұмсығымен иіс сезгендей болды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Осы кезде түлкінің көзі бір кішкентай аңға түсті. Түл-
кі жайлап алға жылжыды. Анықтап қарады. Ол қоян екен.
Аяғын аңдып басқан түлкі қоянға жақындап келеді.
Қыстан шыққан қоянның ақ терісі сұрлана бастаған. Қоян
еріп жатқан сулы қардың үстімен секектеп келеді. Оның
шаршағаны байқалады. Әзір қоян түлкіні байқаған жоқ. Түл-
кі де осыны сезді. Осыны пайдаланып барынша жақындағы-
сы келді. Түлкінің бар ойы – қоянды ұстап алу.
* * *
Осы сәтте қоян түлкіні байқап қалды. Селт етіп қаша жө-
нелді. Қоян алда, түлкі артта. Қоянның түлкіге жеткізер түрі
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жоқ. Аш түлкі де қояннан қалысар емес.
Шошына* қашқан қоян бір кезде өзеннің жағасына келді.
Өзен суы тасып жатқан кез еді. Еріген мұздар бір-бірімен
соғыла ағып жатыр. Қоян тоқтап, тұрып қалды. Ойлануға да
уақыт жоқ. Артынан түлкі жақындап қалыпты.
Қоян өзендегі сең* үстіне бір-ақ секірді. Түлкі де қалыспай
қоянның артынан қоса секірді.
Екеуі мұз үстіне қатар түсті. Екеуі отырған сеңді ағысы
қатты су ала жөнелді. Өзен суы бұрқылдап ағып жатыр. Үл-
138
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.