Page 136 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 136
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ІІ special.edu.kz.
Торы бие күн бата тоғай арасына кірді. Сөйтті де, бұлақтан
су ішті. Көк шөпке жайылды. Сүтке тойған құлын ұйықтауға
жатты. Біраздан соң құлын қайта тұрды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Айнала тып-тыныш. Бір кезде ағаштардың жапырақтары
«сыбдыр» еткендей болды. Торы бие дыбыс шыққан жаққа
жалт бұрылды. Қараса, алдында үлкен көк ит тұр екен. Бие
көк итке осқырына қарады. Жалпақ тұяғымен жер тарпы-
ды. Көк ит бір жатып, бір тұрды. Еркелей жөнелді. Құйрығын
бұлаңдатып бие мен құлынға жақындай бастады.
Биенің бөтен иттің жаман ойының жоқтығына көзі жетті.
Торы бие тынышталайын деді. Құлыншақ та биенің көк иттен
өзін қызғанбағанын сезді. Сөйтіп итке жақындады. Иіскелеп
көрді. Еркелей ойнақтап, әрі-бері жүгірді.
Бейтаныс* ит құлынның танауынан жалады. Құлыншақты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
еркелетіп тұрғандай болды. Сол сәтте ол құлыншақтың
алқымына* жармаса кетті. Бұл – жауыз* қасқыр еді.
Құлын көк иттен бұндайды күтпеп еді. Бар дауысымен
шыңғырып, аспанға секірді. Енесі құлынның дауысынан
шошып, «дір» ете қалды. Шауып құлынның жанына келді.
Қасқыр ды алдыңғы аяқтарымен теуіп-теуіп жіберді.
* * *
Бие құлынын қорғауға кірісті. Қасқырды шамасы кел-
генше құлынға жолатпауда. Өзі қара тер болды. Құлыншақ
енесінің бауырына тығылып шыр-шыр етеді. Қасқырдың бар
ойы – кішкентай құлынды жеп кету.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бұлт астына тығылған айдан айналаны қараңғылық бас-
ты. Торы бие әбден шаршады. Қасқырға шамасы келер
емес. Қасқыр да кішкентай құлынды жеуге айналды.
Осы кезде ауыл жақтан Майлыаяқ шауып келді. Келе
сала қасқырмен айқаса кетті. Қасқырды бар күшімен жер-
ге алып ұрды. Қасқыр жан ұшыра* атып тұрды да, тоғайға
қарай қаша жөнелді.
Қасқырды қуып кеткен Майлыаяқ аздан соң қайта орал-
ды. Үсті-басы қан-қан. Құлағы жырылып қалыпты.
134
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.