Page 73 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 73
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Табиғат туралы ертегі special.edu.kz.
Ертеде Табиғаттың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары бо-
лыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен.
Бір күні Табиғат ұлдарын жанына шақырып алып:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Сендер адамдарға адал қызмет етулерің керек. Жақ-
сылықты көп жасап, өз жұмысын жақсы орындаған балама
ерекше сыйлық беремін, – деп тапсырма берді.
Ұлдары анасының айтқанына келіседі. Адамдарға жақ-
сылық жасауға уәде береді.
Сөйтіп ұлдары жан-жаққа кетеді. Жер де, Су да, Ағаш
пен Ауа да уәделерінде тұрады. Олар адамдарға бар жақ-
сылықты жасайды.
Күндердің күнінде ұлдар үйлеріне қайтады. Табиғат ұлда-
рын қуана қарсы алады.
* * *
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Аналары жасарып, әдеміленіп кеткен. Сонда ұлдары:
– Апатай, сіз қандай сұлу болып кеткенсіз. Мұның сыры
неде? – деп сұрайды.
– Аяулы ұлдарым менің! Мұның сыры сендердің адамдарға
адал қызмет еткендеріңде. Сендерге мен ризамын! – депті
анасы.
Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш анасының сұлулығын
сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен.
(А. Мырзағұлова)
1. Табиғаттың неше ұлы бар?
2. Анасы ұлдарына қандай тапсырма берді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3. Ұлдары анасына қандай уәде берді?
4. Табиғат ұлдарын қалай қарсы алады?
5. Ұлдары анасынан не деп сұрайды?
6. Анасы қалай жауап берді?
7. Не үшін олар адамдарға қызмет етіп келеді?
Анасының әдеміленіп кеткен тұсын тауып оқы.
Себебін ұлдарына қалай түсіндіргенін әңгімеле.
Табиғаттың ұлдарына берген тапсырмасын тауып оқы.
Айтып бер.
Табиғаттың ұлдары туралы оқы.
Ұлдарына мінездеме бер. 71
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.