Page 68 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 68
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Біздің заң special.edu.kz.
Атасы күндегі әдетінше теледидар көріп, тынығып* отыр-
ды. Айдос өз бөлмесінде отырып кітап оқыды. Сурет салды.
Біраздан соң атасының оны шақырған дауысы естілді. Ол
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
атасының жанына келді.
Атасы:
– Айдос! Бүгін қандай мереке екенін білесің бе? – деді
теледидарды өшіріп.
Айдос аң-таң* болып қалды.
* * *
Айдос: «Ол қандай мереке болуы мүмкін? 1 қыркүйек
емес қой әлі ... Сірә, атам күнді шатастырып алды-ау», – деп
ойлады ішінен.
Айдос:
– Ата, бүгін қандай мереке? – деп сұрады шыдамай.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Атасы басын шайқап, ойланып тұрып:
– Бүгін 30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституция-
сы күні мерекесі емес пе! – деді.
* * *
Айдос:
– Конституция деген не сонда? Ол нені білдіреді? – деп
сұрады.
Атасы:
– Балам, Қазақстан Республикасының Конституциясы –
ол біздің мемлекетіміздің Негізгі заңы. Біз осы заңда жа-
зылған құқықтар бойынша өмір сүреміз. Бәріміздің емделу-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ге, білім алуға, спортпен шұғылдануға, демалуға құқығымыз
бар. Ол құқықтардың орындалуын осы заңымыз қорғап
отырады. Конституцияның міндеті – адам құқықтарының бұ-
зылуына жол бермеу, – деді.
Айдос:
– Ата, заңымыз барлық адамдардың құқықтарын бірдей
қорғай ма? Біз оған қалай алғыс білдірсек болады? – деді.
Атасы:
66
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.