Page 65 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 65

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                    Үйрен ана тіліңді                                            special.edu.kz.

            Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
            Өз тіліңсіз болсаң да асқан* білімді.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
            Білмей тұрып туған ана тіліңді.


            Қаның, жаның, қазақы ұлттық түрің бар,
            Мақтан етер егеменді елің бар.


            Ұлы сенсің еркін, азат* халықтың,
            Тәуелсіз ел, мәртебелі тілің бар.

                                                       (О. Асқардан.)

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 асқан – өте, ерекше
                 мәртебелі тіл – мемлекеттік тіл
                 азат халық – тәуелсіз, егеменді ел



               Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл –
           қазақ тілі.



                1. Өлең қалай аталады?
                2. Елімізде қандай тіл мемлекеттік тіл деп қабылданған?
            3. Тіл білу не үшін қажет?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            4. Елімізбен қалай мақтанамыз?
            5. Сен қандай елдің азаматысың?
            6. Еліміздің, тіліміздің ерекшелігі неде?

                    Тыныс белгілеріне назар аударып, мәнерлеп оқы. Жатта.
                Өлеңдегі тіл білудің маңызы қандай сөздермен сипатталғанын
                айт.
                Өз тіліңді білу қажеттілігі жазылған жолдарды оқы. Жаттап ал.
            Ана тілді не үшін білу керек екенін айтып бер.

                Өлең жолдарын оқы. Еліміздегі мемлекеттік тілді айт.                 63


 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70