Page 66 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 66
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Менің Отаным special.edu.kz.
Әдебиеттік оқу сабағы аяқталды. Анар апай оқушы-
ларға «Менің Отаным» тақырыбына шығарма жазып келуді
тапсыр ды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Бекжан үйге жеткенше Анар апайдың сабақта айтқанда-
ры туралы ойланып келді.
Бар ойы – шығарманы қалай жазу. «Отан» деген сөздің
мағынасын аша алар ма екен?
Ол үйге келді. Тамағын ішті. Шығарма жазуға отырды.
* * *
Бекжан шығармасын былай бастады...
«Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз мемле-
кет. Еліміз өте үлкен, бай ел. Қалалары да көп.
Мен Алматы қаласында тұрамын. Алматы – үлкен қала.
Көшелері кең. Метро бар. Метромен көп адамдар жүреді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мет роның стансылары әдемі және жарық. Мен өзім тұра-
тын қаламмен мақтанамын!
Мен жазда атаммен елордаға бардым. Елордамызда бір-
біріне ұқсамайтын зәулім ғимараттар* көп. Қарап таңғал-
дым.
Атам екеуміз «Бәйтерекке» шықтық. «Бәйтерекке» шығып
қарасаң, бүкіл елорданы көруге болады екен.
* * *
Отанымның әр аймағының* өз ерекшелігі бар. Оңтүстігі
мақта, күрішке бай. Солтүстігі бидайға бай. Батысы мұнай
мен газ өндірсе, ал шығысы күнбағыс пен қарақұмық*
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
өсіреді. Менің елімдей бай ел жоқ шығар...
Отан деген – өзің туып-өскен жер. Біз өз Отанымызды
құрметтеуіміз керек. Біздің міндетіміз – жақсы оқу, тәртіпті
болу».
Бекжан шығармасын аяқтады. Ертеңгі сабақ қашан бо-
лады екен деп асықты.
Таң атты. Бекжан сабаққа келді. Бірінші сабақ әдебиеттік
оқу сабағы. Анар апай үй тапсырмасын сұрай бастады. Ке-
зек Бекжанға келді.
64
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.