Page 62 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 62
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Балмұздақ special.edu.kz.
Алмас, Мирас, Марал, Жанар аулада ойнап жүрген еді.
Бір кезде бұлардың жанынан бір ағай өтті. Ол кісі қалта-
сынан қолын ала бергенде төрт-бес көк қағаз жерге түсіп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қалды. Балалар жерде жатқан ақшаны жинап алды.
– Ағай! Тоқтаңыз! – деп Алмас ағайдың артынан жүгірді.
– Не болды? – деді оған ағай таңданып.
– Сіз ақшаңызды түсіріп алдыңыз, мінеки, – деп, балалар
кезектесіп ақшаны ағайға берді.
Ал Мирас қолындағы ақшаны бергісі келмеді. Үйіне кетіп
қалды.
Ағай кетіп қалғанда ғана аулаға қайта шықты.
Біраз уақыт өткеннен соң ағай аулаға қайтып келді.
– Бері келіңдер, – деді балаларға.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Балалар, мен сендердің істеріңе риза болдым. Сендер
нағыз адал бала екендеріңді көрсеттіңдер. Көп рақмет! Ал
мынау сендерге. Алыңдар, – деп ризалығын білдіріп, бал-
мұздақты таратып берді.
– Мен жемеймін, – деп, Мирас төмен қарады.
– Неге жемейсің? Қой, ала ғой! – деді ағай.
– Жоқ, жоқ... Ағай, міне, сіздің ақшаңыз...
Мирас төмен қараған бойы қолындағы ақшаны ағайға
ұсынды. Ол өз қылығы үшін қатты ұялды.
(Е. Өтетілеуовтен.)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ағай мен балалардың сөздерін кезектесіп оқы.
1. Балалар неге жүгірді?
2. Алмас ағайға не деді?
3. Мирас не істеді?
Ағайдың балаларға риза болған жерін тауып оқы.
1. Ағай балаларға өз ризашылығын қалай білдірді?
2. Мирас не деді? Ол неге ұялды?
Аулада жүрген балалар туралы оқы. Балалардың есімдерін ата.
1. Балалардың жанынан кім өтті?
2. Ол кісінің қалтасынан не түсіп қалды?
60
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.