Page 57 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 57
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Құстардың достығы special.edu.kz.
Қыс мезгілінде құстарға қиын-ақ. Кішкентай бозторғай-
лар өз бетінше қар астынан жем таба алмайды. Осы кезде
оларға кекіліктер көмекке келеді екен.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Кекіліктер қарды өткір тырнақтарымен қопарып жібе-
реді. Ал бозторғайлар сол жерден жем тауып жейді.
Бір сөзбен айтқанда, кекіліктер бозторғайларды аштық-
тан қорғайды.
Ал бозторғайлар кекіліктерге көмектесуге дайын.
Мен демалып отыр едім. Біршама жерде кекіліктер қар-
ды қопарып жүр. Бозторғайлар қопарылған қардың астынан
жем тауып жеп мәз.
Бір кезде алыстан түлкі көрінді. Түлкінің екі көзі кекілік-
терде. Ол ақырын басып құстарға жақындап келеді.
Мен құстарды аяп кеттім. Орнымнан тұрып, жерден тас
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
іздей бастадым.
Осы кезде түлкіні бозторғайлар байқап қалды. Пыр-пыр
етіп жан-жаққа бытырай ұшты. Бұл кекіліктерге берген бел-
гі еді. Кекіліктер де мұны ұға* қойды. Олар жамырап барып
қалың тікеннің ішіне кіріп жоқ болды.
Міне, осылай кішкентай бозторғайлар кекіліктерді түлкі-
ден аман алып қалды.
(«Балдырған» журналынан.)
ұға қойды – бірден түсінді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қарды қопарған кекіліктер туралы оқы. Әңгімеле.
1. Кекіліктер бозторғайларды неден қорғайды?
2. Бозторғайлар неге мәз?
Алыстан көрінген түлкі туралы оқы. Айтып бер.
1. Бозторғайлар кекіліктерге белгіні қалай берді?
2. Кекіліктер не істеді?
Қыс мезгіліндегі құстар туралы оқы. Айтып көр.
1. Қыста бозторғайлар не істейді екен?
2. Оларға көмекке кімдер келеді? 55
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.