Page 59 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 59
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Сынған айна special.edu.kz.
Гүлзира мектептен көңілсіз келді. Ол құрбысы Айзатпен
бірінші рет ренжісіп қалды. Анасы Гүлзирадан:
– Қызым, неге сабақтан көңілсіз келдің? – деді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Апа, мен Айзатқа қатты ренжідім. Бүгін үзілісте Айзат
менен айна сұраған еді. Мен оған сіз сыйлаған айнамды
бердім. Айзат байқамай айнаны жерге түсіріп сындырып
алды, – деді Гүлзира жыламсырып.
– Қызым-ау, кішкентай айна үшін досыңды ренжіткенің
қалай? – деп апасы елең ете қалды. Апасы біраз ойланып
сөзін жалғастырды: – Айзат әдейі сындырған жоқ шығар.
Мен саған ондай айнаны тағы алып беремін. Ал досты сатып
ала алмайсың. Әрқашан кешіріммен қарау керек ондайға.
Қарапайым нәрсе үшін досыңды ренжітуге болмайды, – деп
апасы ақыл айтты.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Апасының сөзі оны ойландырды. Есіне Айзат түсті.
Айзаттың: «Кешірші», – дегенін де елемеп еді.
Гүлзира аулаға шықты. Айзат та далаға шыққан екен.
– Айзат, айна үшін саған ренжігенім дұрыс болмады.
Кешірші... – деп өз айыбын мойындады.
– Екеуміз ешқашан ренжіспейікші! – деді Айзат.
(Ш. Утепова)
1. Гүлзира кіммен ренжісіп қалды?
2. Анасы оған қандай ақыл айтты?
3. Айзат туралы апасы не деді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
4. Гүлзираның есіне кімнің сөзі түсті?
5. Гүлзира Айзатқа не деді?
6. Айзат Гүлзирадан қалай кешірім сұрады?
Үзілісте болған оқиғаны тауып оқы.
Гүлзираның жыламсырау себебін әңгімеле.
Гүлзираға апасының айтқан ақылын тауып оқы. Айтып бер.
Мектептен келген Гүлзира туралы оқы.
Көңіл күйінің болмау себебін айт бер.
Гүлзираның өз қателігін қалай түсінгенін айтып бер. 57
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.