Page 56 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 56

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                       Көп біріксе – береке                                      special.edu.kz.
                 Біздің ауылға жаңадан мектеп салынды. Мектептің сы-
             нып бөлмелері кең, терезелері үлкен әрі жарық.
                 Бір күні сынып жетекшісі Сара апай балаларды мектептің
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             ауласына алып шықты. Аулаға жас талдар әкелген екен.
                 – Балалар, мектебіміздің ауласына ағаш егеміз. Әрқай-
             сысың бір-бір шыбықтан алыңдар. Ағаштар да сендермен
             бірге өседі. Сендер үлкен азамат болғанда, ағаштарың да
             әдемі баққа айналатын болады, – деді Сара апай.
                 Бәріміз бір-бір тал отырғыздық. Әрқайсысымыз өз талда-
             рымызға белгі тағып қойдық. Күнде су құямыз. Арам шөбін
             жұламыз.
                 Арада  бір-екі жыл  өтті. Отырғызған  талдарымыз  әдемі
             жасыл баққа айналды. Балалар отырғызған ағаштарына қы-
             зығып қарады.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Бәріміз мектеп ауласына шықтық.
                 – Мен бір-ақ тал өсірдім!
                 – Мен де біреу ғана отырғызып едім. Енді қарашы, бұлар-
             дың үлкен баққа айналғанын байқамай да қалыппыз! – десті
             балалар.
                 – Біз көппіз. Әрқайсысымыз бір-бір талдан егіп едік. Енді,
             міне, талдарымыз өсіп, үлкен баққа айналды. «Көп біріксе –
             береке» деген осы! Әрқашан бірлесіп, бір-біріңмен тату бо-
             лып жүріңдер! – деп Сара апай ақылын айтты.
                                                              («Балдырған» журналынан.)
                         Балалардың ағаш еккендері туралы түсініп оқы. Әңгімеле.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                     1. Сара апай балаларға не деді?
                 2. Балалар ағаштарға қалай күтім жасады?
                 3. Жылдар өте ағаштар қандай болды?
                     Мектеп ауласына шыққан балалар туралы іштей оқы.
                 Балалардың өзара не жайлы сөйлескенін айтып бер.
                 1. Балалар нені байқамай қалды?
                 2. Сара апай қандай ақыл айтты?
                     Ауылға жаңадан салынған мектеп туралы дауыстап оқы.
                 1. Сара апай балаларды қайда алып шықты?
                 2. Балаларға не деді?
             54
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61