Page 60 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 60

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                         Бір құшақ *мақта                                        special.edu.kz.

                 Таңертең Мұрат пен Асқар мектепке келе жатты. Жолда
             шашылып жатқан бір құшақ мақтаны көрді.
                 Мұрат:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Мақтаны бұлай қалдырып кетуге болмайды. Қырманға*
             апару керек, – деді.
                                                   * * *
                 Мұрат мақтаны жинай бастады.
                 Асқар:
                 – Сабақтан кешігеміз ғой. Мақтаны салатын қабымыз да
             жоқ. Қойшы соны. Бізден де басқалар жинар. Жүр, кеттік, –
             деді мектеп жаққа қарап тұрып.
                 Екі баланың сөзін өтіп бара жатқан Данабек атай естіп:
                 – Дұрыс айтасың, балам! Мақта – ел байлығы. Оны аяқ
             астына тастауға болмайды. Осы мақтаны өсіруге қаншама
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             адам еңбек етті. Сендер мына мақтаны жинаңдар. Қырманға
             барып тапсырыңдар, – деп, балалардың қолына қап ұстатты.
                 Екі бала мақтаны жинап қапқа салды. Қапты екеулеп кө-
             теріп қырманға әкелді. Қырманшылар Мұрат пен Асқардың
             ісіне риза болып:
                 – Міне, нағыз азаматтар! – деп алғыс айтты.

                                                   * * *
                 Екеуі  қырманнан  шығып мектепке  қарай  жүгірді.  Са-
             бақтың жартысы өтіп кетіпті.  Асқар іштей: «Неге Мұратпен
             бірге жүрдім? Бекер оны тыңдаған екенмін. Егер қырманға
             бармағанда сабаққа кешікпес едім», – деп ойлады. Ол бір
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             сәт өз ісіне өкінді.
                 Талғат ағай:
                 – Асқар, неге сабақтан кешіктіңдер? – дегенде, одан әрі
             сасқалақтап қалды.Төмен қарап мұрнының астынан:
                 – Ағай, кешіріңіз... апам ауырып қалып, – деп міңгірледі.
                 – Неге өтірік айтасың? – деді Мұрат шыдамай.
                 Мұрат досынан мұндай жауап күтпеген еді. Ол досының
             өтірік айтып тұрғанына қатты ренжіді. Ағайға болған оқиға-
             ны ретімен айтып берді.

             58
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65