Page 54 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 54
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жанкүйер* special.edu.kz.
Бүгін мектеп арасында футболдан жарыс. Бұл жарыс
биыл біздің мектепте өтуде. Футбол алаңына бүкіл мектеп
оқушылары жиналды. Дәл қазір біздің мектептің футбол ко-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мандасы ойнап жатыр.
Соңғы шабуыл. Ең шешуші сәт. Доп Алмаста...
– Ал-мас-с! Ал-мас-с!...
Футбол алаңын қоршап тұрған жанкүйерлер шулап қоя
берді. Әсіресе достарының айқайы Алмасқа қатты әсер етті.
Намысқа тырысқан Алмас бар күшін салып алға ұмтылып
келеді. Жолын кес-кестеген* ойыншыларға да тоқтар емес.
Алдынан шыққан қорғаушыларды айналып өтті.
Әне, қарсыластардың қақпасы. Алмастың бар ойы – гол
соғу. Қақпаға жақындаған ол оң аяғын шірене допты теуіп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қалды. Доп «зу» етіп ұша жөнелді. Бүкіл футбол алаңы бір
сәт тып-тыныш болып қалды.
* * *
– Го-о-о-л!
Міне, теңбіл доп қақпаның ішінде жатыр! Алмас: «Уһ!» –
деп жерге отыра кетті. Осы сәтте төреші де ысқырып үл-
герді. Ойын аяқталды. Тұс-тұстан достары жүгіріп келіп Ал-
масты көтеріп алды. Құшақтап, құттықтап жатыр.
– Жарайсың, Алмас!
– Біз саған ризамыз!
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Сенің гол соғатыныңды білгенбіз!
– Мектебіміздің атын шығардың! – деді достары.
Осы кезде денешынықтыру мұғалімі Ғабит ағай да келді.
– Алмас, сен жарадың! Бүгін мектебіміздің атын биікке
көтердің. Мен сен үшін қуаныштымын! Енді жақсылап де-
мал, – деді ағай.
– Біз оны киноға апарамыз!
– Суретке түсейік!
52
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.