Page 50 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 50

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                Достар                                           special.edu.kz.
                 Зейін баққа кірді. Бақтан бір топ қызыл төс шымшықтар-
             ды көрді. Олар ағаштан-ағашқа қонып «шиқ-шиқ» етеді.
             Бұтақтардың бүршіктерін жеп мәз.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Өткенде  Зейін  осы  шымшықтан  аумайтын  ойыншығын
             сындырып алған болатын. Ал мыналар болса – тірі шымшық-
             тар. Өздері қандай әдемі! Бүршіктерді шоқыған сайын құй-
             рықтары шошаң-шошаң етеді.
                 Зейін оларды ұстап алмақ болды. Біраз қуалады. Бірақ,
             шымшықтар «пыр» етіп ұша жөнелді.
                 Кенет:
                 – Зейін, сен не істеп жүрсің? – деген әкесінің дауысы
             естілді. Зейін артына бұрылып қарады. Әкесі баққа кіріп ке-
             леді екен.
                 – Әке, мына шымшықтардың екеу-үшеуін үйге апарғым
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             келіп еді. Өздері ұстатпайды! – деп мұңайды.
                 Әкесі күлді де:
                 – Олар ұстатпайды. Мен саған оларды қалай қолға үйре-
             туді көрсетейін. Сенің маған көмегің керек, – деді. Зейін бұл
             сөзге  қуанып кетті.
                 Әкесі екеуі сарайдан төртбұрыш тақтай әкелді. Тақтай-
             дан  шағын  жемсалғыш  жасады.  Оны  ағаштардың  бірінің
             төменгі жағына орнатты. Оған жем шашты.
                 Айтқандай-ақ, шымшықтар бір-бірлеп тақтайдың үстіне
             қона бастады. Біртіндеп шашқан бидайды тақтай үстінен
             шоқып жейтін болды. Зейін күнде тақтайдың үстіне жем
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             шашып қояды. Шымшықтар Зейінге әбден үйреніп алды.
             Уақыт өте олар алақандағы жемді де жейтін болды.
                 – Мінеки, шымшықтар саған үйреніп те алыпты. Ұмытпай
             күн сайын өз қолыңнан жем беріп тұр. Құстар біздің бақтың
             сәні ғой. Енді олар ешқайда кетпейтін болады, – деді әкесі.
                 Зейін әкесіне қатты риза болды.
                 Баққа  кірген  Зейінді  құстар  қуана  қарсы  алатын  еді.
             Қаптап ұшып келіп қолына, басына, иығына қонады. «Шиқ-
             шиқ» етеді.


             48
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55