Page 47 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 47
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Атаның ақылы special.edu.kz.
Тұрсын мектептен көңілсіз келді. Үнсіз отырып тамағын
ішті.
– Апа, аула сыпыратын атай ауруханаға түсіпті, – деді ол.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Иә, балам. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының тө-
бесін жөндеймін деп құлап қалыпты. Өткен сенбіде екі-үш
бала сарайдың төбесінен ішке кіріпті. Атайдың сыпырғыла-
рын алса керек. Одан да атайдан сұрап алсашы, – деді апасы.
Апасы жұмысына жинала бастады.
– Апа, бірдеңе айтсам ұрыспайсыз ба? – деді ол қипақтап.
– Не айтайын деп едің? Екі алып қалдың ба? – деді апасы.
– Жоқ, одан да жаман... Мен сол балалардың жанында
болдым... Апа, атайға барсам бола ма? Халін біліп, кешірім
сұрағым келеді, – деді Тұрсын ақырын.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Қап, әттеген-ай, балам! Оның дұрыс болмаған екен. Бар-
саң бара ғой, – деді де, апасы ренжіп үйден шығып кетті.
Тұрсын ауруханаға барды. Атайдан кешірім сұрады.
– Бір қателік жасаған екенсің. Ештеңе етпес. Бәрінен де
өз қателігіңді түсінгенің дұрыс болды. Енді бұндай істі қайта-
лама! – деп атай өзінің ақылын айтты.
(Р. Әбдіқадырова)
Апасы мен Тұрсынның сөздерін кезектесіп оқы.
Тұрсынның қипақтау себебі түсіндір.
1. Апасының алдында қалай ақталды?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
2. Апасы не деп ренжіді?
Тұрсынның ауруханаға барғанын тауып оқы.
Атайдың айтқан ақылын айтып бер.
1. Атай оған не деді?
2. Қандай ақыл айтты?
Мектептен көңілсіз келген Тұрсын туралы оқы.
1. Тұрсынның көңіл күйі неге жоқ?
2. Аула сыпыратын атайға не болды?
Атай Тұрсынды кешірді ме? Өзара талқылаңдар. 45
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.