Page 44 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 44
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Күз special.edu.kz.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл* тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
special.edu.kz. Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан? special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жасыл шөп, бәйшешек* жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай*.
Қайыршы* шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай*.
(Абай)
дымқыл – ауада ылғалдың көп болуы
бәйшешек – алғашқы көктем гүлі
қурай – шөптің аты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
1. Өлең қалай аталады?
2. Күзгі аспандағы бұлт қандай? Жерді не басады?
3. Жастар, балалар неге көңілсіз?
4. «Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп» деген жолды қалай
түсінесің?
5. Ағаштар, шөптер күзде қандай күйде болады?
Өлеңді мәнерлеп, дауыстап оқы.
Өлеңде күз мезгілінің қай кезі суреттелгенін ойланып көр (күздің
басы, күздің ортасы, күздің соңы). Өз сөзіңмен айт.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Өлеңді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқы.
Бұлт, шөп, тұман, ағаш, суық сөздерін тауып оқы. Сөздер-
мен сөйлем құрап айт.
Өлең жолдарын оқы. Күз мезгілінің белгілері қандай екенін айт.
Сөздіктегі сөздерді оқы. Өлең жолдары арқылы мағынасын
түсіндір.
42
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.