Page 43 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 43

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                      Еркіннің еңбегі                                            special.edu.kz.
            Атасы шөп шабуға жинала бастады. Бұны көрген Еркін:
            – Ата, шөп шабуға мені де ала барыңызшы! – деп өтінді.
            – Жүре ғой. Шөп шауып үйреніп қайтасың, – деп атасы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        келісті.
            Еркін атасымен тоғайдың ішіне келді. Жазда ғана шөп
        жап-жасыл еді. Енді, міне, сап-сары болып кетіпті.
            Атасы шалғысын* ала сала шөп шабуға кірісті. Еркін ата-
        сының шөп шапқанына қызыға қарап тұрды.
            – Ата, шөп шауып үйретемін дегеніңіз қайда? – деді Еркін.
            – Ұмытып кетіппін. Шалғыны әкеле ғой, – деді атасы.
            Атасы Еркіннің қолына шалғыны ұстатты. Шөп шабуды
        үйрете бастады. Еркін өзі де шөпті шауып жаттығып қалды.
        Күні бойы шапқан шөбі аз емес.
            – Еркінжан, өзің шөп шауып үйреніп қалыпсың. Күнде келіп
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        маған осылай көмектессең, нағыз шалғышы болып аласың, –
        деп мақтады атасы. Бұл сөзіге Еркін мәз болып қалды.
            Түстен кейін атасы шөптің үстіне орамалын жайды. Үсті-
        не нан, май қойды. Еркінге сүт құйып берді. Ол екі кесе сүт-
        ті бір-ақ ішті. Бүгін Еркінге нан мен май да, сүт те ерекше
        дәмді көрінді...
                                                                      (М. Төрежанов)

                шалғы – шөп шабатын құрал


                    Еркіннің шөпті қалай шапқанын тауып оқы. Әңгімеле.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                1. Еркін шөпті немен шапты? Қалай шапты?
            2. Атасы Еркінді не деп мақтады?

                Тоғайға келген Еркін мен атасы туралы түсініп оқы.
            1.   Атасы не істеуге кірісті?
            2.  Еркін атасының есіне нені салды?

                Атасының шөп шабуға жиналған тұсын оқы.
            1.  Еркін атасына не деп өтінді?
            2.  Атасы қалай келісті?
                Түстен кейін не болғанын айтып бер. Неліктен нан мен сүттің
                дәмі ерекше болғанын ойланып көр.                                    41

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48