Page 40 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 40

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                                Береке*                                          special.edu.kz.
                 Оспан атай ауыл сыртындағы бақшада жұмыс істейді.
             Көктем шыққаннан бастап бақшаның басында. Көкөністің
             түр-түрін отырғызады. Оны күтіп баптайды.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Қанат пен Айбек Оспан атайға үнемі көмектесіп жүреді.
             Оспан атайдың білмейтіні жоқ. Көкөністерді қалай өсіру ке-
             ректігінің барлық әдісін біледі. Оның бәрі бізге қызық. Сон-
             дықтан Оспан атайдың жанында жүріп көп нәрсені үйреніп
             алғымыз келеді. Биыл да, жаз бойы атайдың жанында жұ-
             мыс істедік.
                 Міне, күз мезгілі де келіп жетті. Мектепте сабақ бастал-
             ды. Біз бұрынғыдай бақшаға күнде бара алмаймыз. Себебі,
             сабақ қарауымыз керек. Сабақтан қолымыз босаған кезде
             ғана Оспан атайға баруға тырысамыз.
                 Бақшадағы өзіміз өсірген барлық көкөністер пісіп те
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             үлгерген шығар. Қанат пен Айбек жақын күндерде бақша
             жаққа барамыз деп шешті.
                 Демалыс  күні еді. Келіскеніміздей,  біз бақшаға  келдік.
             Қарасақ, ауыл адамдары мәшинелерге піскен көкөністерді
             тиеп  жатыр.  Сәбіз,  қырыққабат,  пияз,  картоп,  асқабақ,  ...
             Бақшамызда тіпті өспейтіні жоқ екен-ау! Біз көкөністерге
             қызығып қарап қалыппыз.

                                                   * * *
                 Оспан атай:
                 – Балалар, келдіңдер ме?! Ендеше, көмектесіп жіберің-
             дер. Сендер қызанақтарды жинауға кірісіңдер,– деп өтініш
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             білдірді.
                 Қанат пен Айбек бірден жұмысқа кірісіп кетті. Олар қол-
             дарындағы  себетке* піскен  қызанақтарды  сала бастады.
             Қызанақтардың көбін-ай! Себеттер* әп-сәтте толып кетті.
             Балалар қызанақтарды жәшіктерге салды.
                 Әне, біреулер қырыққабаттарды қаптарға салып жатыр.
             Бақшаның келесі жағындағы адамдар картоп қазып жүр.
             Алыстан қауын, қарбыз тиелген мәшинелер көрінеді.




             38
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45