Page 35 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 35
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ІІ special.edu.kz.
Ораздың жаңа лақап есімі* пайда болды. Сыныптаста-
ры оны «Мен емес» деп атап кетті. Енді сыныпта Ораздың
«Ораз» аты сирек естілетін болды. Себебі, Ораз не істесе де
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
аузынан «Мен емес!» деген сөз түспей-ақ қойды.
Сабақ өтіп жатыр. Ораз тоқтамай сөйлеуін қоймады.
– Ораз, сен бе сөйлеп отырған? – деп сұрады ағай.
– Мен емес, ағай, – деді Ораз.
– Ораз, аяғыңды тарсылдатпа! – деп ескертті ағай.
– Мен емес, ағай, тарсылдатқан, – деді ол тағы да.
Барлық ескертуге Ораздың айтатын жауабы «Мен емес».
Ұстаздардың мерекесі қарсаңы. Жаңа ілінген қабырға га-
зетінің жанына балалар жинала қалды. Барлығы мерекеге
арналған әсем газетке қарап тұрған еді.
– Ораз, мына газеттегі суретті сен салдың ба? – деп Бау-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
кен ағай Оразға қарады.
– Мен емес, ағай! – деді Ораз әдетіне салып.
Балалар ду күліп жіберді. Ораз ұялып кетті. Өйткені, шы-
нымен де осы газеттің суретін Ораз салған еді.
Ол жаман әдетінен өзі салған суретті де: «Мен салдым!» –
деп айта алмағанына өкінді.
«Енді не істесем де шындықты айтамын!» – деп ішінен ой-
лады.
(Ө. Ахметовтен.)
лақап есім – ойдан шығарылған есім
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ұстаздар мерекесі қарсаңында болған оқиғаны оқы. Әңгіме-
ле.
1. Баукен ағай не деді? Кімге қарады?
2. Ораз неге ұялды?
3. Оразға қандай ой келді?
Сабақ өтіп жатқан кездегі Ораздың қылығы туралы оқы. Айтып бер.
1. Ағай Оразға қандай сұрақтар қойды?
2. Ораз не деп ақталды?
3. Барлық ескертуге Ораз қалай жауап берді?
Ораздың лақап есімі туралы оқы. Ол қандай есім екенін айт.
1. Ораздың аты неліктен сирек естіледі? Себебі неде? 33
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.