Page 33 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 33
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Бүкіл автобустағы адамдар балаларға қарап қалыпты. special.edu.kz.
Содан кейін барып олар автобустан бір-бірлеп түсе бас-
тады. Балалар түсе салысымен автобус жүріп кетті.
Шолпан достары үшін қатты ұялып:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Айттым ғой жаңа сендерге ... . Ұят-ай ... . Сонша айқай-
лап сөйлеуге бола ма екен? Жұмыстан шаршап келе жатқан
адамдарды одан әрі шаршатып... – деді.
Бұл жолы балалардың ешқайсысы Шолпанға қарсы
шыққан жоқ. Бәрі төмен қарап, тым-тырыс тұрып қалды.
Бәрі өз қателіктерін түсінген секілді.
(Ө. Қанахиннен.)
аялдама – қоғамдық көлік тоқтайтын орын
басына көшірді – дауыстары қатты шықты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Автобустың ішіндегі шу туралы тұсты түсініп оқы. Әңгімеле.
1. Шолпан неге ренжіді?
2. Жолаушылар оқушыларға қандай ескерту жасады?
3. Қанат не деп қарсы шықты?
4. Шолпан өз наразылығын қалай білдірді?
5. Автобуста оқушылар өздерін қалай ұстады?
Автобус аялдамаға келгенде болған оқиғаны оқы. Айтып бер.
1. Жүргізуші оқушыларға не деді?
2. Оқушылар не істеді?
3. Шолпан ұялғаннан не деді?
4. Оқушылар өз қателіктерін қалай түсінді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Автобуста болған оқиға туралы дауыстап оқы. Айтып көр.
1. Жұмысшылар үйлеріне немен қайтты?
2. Автобус қай жерге тоқтады?
3. Аялдамадан кімдер кірді?
4. Оқушылар не істеді?
Есте сақта!
Қоғамдық көлікте айқайлап сөйлеуге болмайды!
special.edu.kz. special.edu.kz. 31 special.edu.kz.