Page 32 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 32
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жолда special.edu.kz.
Кешкі уақыт. Жұмыстан шаршаған адамдар автобуспен
үйлеріне қайтып барады.
Автобус баяулап келіп аялдамаға* тоқтады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Аялдамадан бір топ оқушы автобусқа кірді. Олар айқай-
лап сөйлеп автобустың ішін у-шу қылып жіберді.
Автобустың ішіндегі шу тоқтар емес. Оқушылардың ішін-
дегі Шолпан деген қыз:
– Қойсаңдаршы! Бұларың не? Жолаушылардың басын
ауырттыңдар ғой. Неге ақырын сөйлемейсіңдер? – деп рен-
жіді.
Бірақ Шолпанның айтқанын ешкім тыңдаған да жоқ.
– Балалар, жай сөйлеңдер! – деп үлкен кісілер ескерту
жасады. Автобус ішіндегі жолаушылардың бәрі балаларға
ренжіді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қанат:
– Қойшы, Шолпан! Сен-ақ ақыл айтқыш екенсің! Өзің ты-
ныш тұра берсеңші, – деп қарсы шықты.
Қанаттың сөзін басқа балалар қолдай жөнелді.
Шолпан:
– Осы автобуста тек біз ғана келе жатқан жоқпыз ғой... –
деп өз наразылығын білдірді.
Балалар үлкендердің сөзін тыңдамады. Олар бүкіл авто-
буста тек өздері ғана тұрғандай болды.
Автобустағы жолаушылардың бірі балаларға ұрсып та
тастады. Бірақ, олар одан әрі шулай берді. Олар тіпті бір-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бірін де тыңдар емес. Балалардың айқайлап күлген дауыс-
тары бүкіл автобусты басына көшірді*.
Сонымен автобус келесі аялдамаға келіп тоқтады. Жүр-
гізуші орнынан тұрды да, балаларға қарап:
– Осының алдындағы аялдамадан кірген балалар! Түгел-
дей автобустан шығыңдар! Қоғамдық көлікте өздеріңді әдеп-
ті ұстап үйренгенде ғана автобусқа отырасыңдар! – деді.
Балалар жүргізушіден бұндайды күтпеген еді. Бір сәт үн-
демей тұрып қалды.
30
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.