Page 34 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 34

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                              Мен емес!                                          special.edu.kz.
                                                     І

                 Бүгін Ораз сыныпқа бәрінен бірінші кірді. Сыныпта өзінен
             басқа ешкім жоқ.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Кіре сала өзі отыратын партаға келді. Орныма басқалар
             отырып қоймасын деген жаман ой келді. Қолына қаламын
             алды. Партаның бетіне сиямен «Ораз» деп жазды.
                 Ораз сыныптан шығып кетті. «Енді бұл партаға ешкім
             отыра қоймас» деп ойлады. Қоңырау соғылды. Баукен ағай
             өткен сабақты сұрай бастады.
                 Ағай Ораздың жанынан өтіп бара жатып тоқтай қалды.
                 – Мынаны кім жазды? Мұның не? – деп сұрады ағай. Парта-
             ның бетіндегі «Ораз» деген жазуды көрсетіп. Ораз сасып қал-
             ды. «Бір рет өтірік айтсам ештеңе етпес», – деп ойлады ішінен.
                 – Мен емес, ағай, – деді Ораз.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 Сынып оқушылары бір сәтте тынышталып қалды. Кім
             жазғанын білмей бір-бірлеріне қарап қалды. Ораз қипақтап
             жан-жағына қарады. Өзінің жазғанын мойындар емес.
                 – Енді кім жазды? – деп Баукен ағай оқушыларға қарады.
                 – Білмеймін, ағай. Мен емес, ағай... – деді Ораз ақырын.
             Мұғалім де, балалар да Ораздың өтірік айтқанын білді. Ал,
             Ораз мұғалімнен оңай құтылғанына мәз болды.
                                                                          (Ө. Ахметовтен.)

                         Тынышталып қалған сынып оқушылары туралы оқы.
                     1. Баукен ағай оқушыларға қарап не деді?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 2. Ораз қалай жауап берді?
                 3. Ораз неге мәз болды?

                     Сыныпқа бірінші болып кірген Ораз туралы іштей оқы.
                 Сыныпта Оразға қандай ой келгенін айт.
                 1. Ол не істеді?
                 2. Партаның бетіне не деп жазды?
                     Сыныптан шығып кеткен Ораз туралы оқы.
                 1.  Ағай Ораздан не деп сұрады?
                 2.  Ораз ішінен не ойлады?
                 3.  Не деп жауап берді?

             32
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39