Page 31 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 31
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қуанышты қайдан іздейді? special.edu.kz.
Асқар үйде жалғыз өзі қалды. Көңіл күйі жоқ. Себебі, да-
лаға ойнауға күн суық. Осы кезде даладан әкесі үйге кірді.
– Әке, күз қашан кетеді? – деп сұрады Асқар.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Күз үш ай болмай ма? Күз енді басталды, – деп күлді
әкесі.
– Әке, күз көңілсіз мезгіл ғой. Күн суық. Далада ойнай
алмайсың. Күз мезгілі маған ұнамайды, – деді Асқар.
– Күз де керемет мезгіл. Сен олай деме, балам. Күзде
жемістер піседі. Сен сағынған мектебіңе бардың. Күн суы-
тып еді, күз мезгілі жаман болып қалды ма? Одан да сен
далаға шық. Түскен жапырақтарды сыпыр. Еңбек ет. Күзгі
табиғатты тамашала, – деп, әкесі Асқарға ақыл айтты.
Асқар киініп далаға шықты. Айнала шынымен де сап-са-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ры. Ерекше түске боялған екен. Асқар қураған жапырақтар-
ды сыпырды. Даланың суықтығы да білінбей қалды.
Асқар өз істеген жұмысына риза болды.
– Әке, күз мезгілі тамаша екен ау-а?! – деді.
– Ауа райына қарап жыл мезгілін жаман деп айтуға бол-
майды. Еңбек еттің. Бойың жылынды. Айналаға басқаша қа-
радың. Көңіл күйді ауа райы емес, еңбек көтереді, балам.
Осыны ұмытпа! – деді әкесі.
– Иә, әке! Еңбек адамның көңіл күйін көтереді. Еңбек қуа-
ныш сыйлайтынын түсіндім, – деді Асқар.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
(А. Құдайбергеновтен.)
Әкесі күз мезгілі туралы не айтты, тауып оқы. Айтып бер.
1. Асқарға әкесі қандай ақыл айтты?
2. Асқар не істеді? Оның көңіл күйі қалай көтерілді?
Асқардың өзі істеген жұмысына риза болған тұсын оқы. Әңгімеле.
1. Асқар неге қуанды? Әкесі оған не деді?
2. Асқар нені түсінді?
Үйде жалғыз қалған Асқар туралы оқы. Айтып көр.
1. Асқар неге көңілсіз? Әкесінен не деп сұрады?
2. Күз мезгілі неліктен Асқарға ұнамады? 29
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.