Page 28 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 28
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қыркүйек special.edu.kz.
Ертең бірінші қыркүйек. Майгүлдің қуанышында шек
жоқ*. Кеше анасы Майгүлге су жаңа* мектеп формасын
алып берді. Ол мектеп формасын қайта-қайта киіп көреді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Формасы өзіне қатты ұнады.
Көз алдына достары, ұстаздары елестеді. Сыныптас дос-
тарын сағынды. Тезірек сабақ басталғанын күтті.
* * *
Майгүлдің есіне соңғы қоңырау күні түсті.
Райхан апай:
– Каникулды қызықты өткізіңдер! Лагерьге барып дема-
лыңдар. Саяхатқа шығыңдар, – деген кеңес* берген еді.
Апайдың бұл сөзі есіне түссе, мұңайып қалады. Өйткені
Майгүл лагерьге бара алмады. Ешқайда қыдырмады. Доста-
ры каникул бастала салысымен жан-жаққа қыдырып кеткен.
Сонымен Майгүл каникулдың қалай өте шыққанын да special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Каникулда Майгүл кішкентай інісіне қарады. Себебі, ана-
сы мен әкесі жұмыста болды. Ол қолынан келгенінше оларға
көмектесуге тырысты. Әкесі мен анасы жұмыста болғанда
үй жинады. Аула сыпырды. Гүл суарды.
байқамай қалды.
* * *
Таңертең Майгүл дүкенге барды. Мектепке қажетті
оқу-құралдарды алмақшы болды. Қараса, дүкенде Райхан
апайы да жүр екен. Ол апайды көріп қатты ұялды. Апаймен
амандасуға бата алмай төмен қарады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Райхан апай да Майгүлді байқап қалды.
Райхан апай:
– Майгүл, неге амандаспайсың? Саған не болды? Неге
көңілсізсің? – деп сұрады.
Майгүл:
– Апай, кешіріңізші, мен жазда лагерьге бара алмадым.
Саяхатқа да шықпадым...
Райхан апай:
– Неге? – деді.
26
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.