Page 24 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 24

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                        Адам мен арыстан                                         special.edu.kz.
                                                (ертегі)

                 Бір аңшы орманда ау құрып жүреді. Сөйтіп арыстанға
             кезігіп қалады. Сонда арыстан:
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 – Ей, аңшы! «Мен ең күштімін!» дейді екенсің. Ал енді күшті
             болсаң көрсетші, – деп ақырады.
                 – О, арыстан, сенен күшім артық деп мақтанбаймын! Ал
             сен шынымен күшті болсаң, көрсетші, – деді аңшы.
                 – Жарайды. Не істейін? – дейді арыстан ақырып.

                 – Анау жолда бір нәрсе жатыр. Соның астынан өтіп көр-
             ші, – деп, аңшы арыстанды алдамақшы болады.
                 Арыстан да мұны сезгендей:
                 – Сен мені алдайын деп тұрсың. Алдымен өзің өт, – дейді.
                 Аңшы мен арыстан аудың жанына келді. Аңшы өзі құрып
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             қойған аудың астынан «зып» етіп өте шығады. Кезек арыс-
             танға келеді. Арыстан секіріп өтпекші болады. Бірақ секір-
             ген арыстан торға оралып қалады.
                 Аңшы торға оратылып жатқан арыстанға:

                 – Міне, менің күшім. Көрдің бе? – деп сұрайды.
                 – Сен  күштісің!  Мен саған  тиіспеймін!  –  деп арыстан
             аңшыға сөз береді. Аңшы арыстанды босатып қоя береді.


                         Аңшы мен арыстанның кездесуін кезектесіп оқы. Әңгімеле.
                     1. Арыстан аңшыға не деп ақырды?
                 2. Арыстанға не болды? special.edu.kz.
 special.edu.kz.                                                                                 special.edu.kz.
                 2. Қатты қорыққан аңшы не деді?
                 3. Аңшы арыстанды қалай алдамақшы болды?
                 4. Арыстан қандай шарт қойды?
                     Аудың жанына келген аңшы мен арыстан туралы тізбектеп оқы.
                 1. Аңшы аудан қалай өтті?


                 3. Арыстан аңшыға қандай сөз берді?
                     Орманда жүрген аңшы туралы оқы.
                 1.  Аңшы орманда не істеп жүрді?
                 2.  Неге кезігіп қалды?

             22
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29