Page 22 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 22
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Үйшік* special.edu.kz.
(ертегі)
Ертеде бір тышқан келе жатып әдемі үйшікті көреді.
Тышқан:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Сүп-сүйкімді, кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп
сұрайды. Ешкім жауап бермейді.
Тышқан бос үйшікке кіріп өмір сүре бастайды.
Бір күні үйшіктің жанынан секіріп бақа өтеді.
Бақа да тоқтап:
– Сүп-сүйкімді, кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп
бақылдайды.
– Мен тықылдауық тышқанмын! Сен кімсің?
– Мен бақылдауық бақамын.
– Кел, бірге тұрайық, – деп тышқан оны үйшікке шақырады.
Бақа үйшікке кіреді. Тышқан екеуі тұра бастайды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Енді үйшіктің жанынан секек-секек етіп қоян өтеді.
– Сүп-сүйкімді, кішкентай бұл үйшікте кім бар? – дейді қоян.
– Мен – тықылдауық тышқан!
– Мен – бақылдауық бақа. Сен кімсің?
– Мен – қорқақ қоянмын.
– Кел, бірге тұрайық, – деп екеуі қоянды шақырады.
Қоян үйшікке кіреді. Олар үшеуі бірге тұра бастайды.
Бір күні үйшіктің жанына түлкі келеді. Түлкіні де үйшікке
кіргізіп алады. Қасқыр келеді. Оны да кішкентай үйшікке кір-
гізеді.
* * *
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Үйшіктегі аңдар бір-бірімен өте тату тұрады. Күнде бәрі
қосылып көңілді ән салады.
Аю жидек теріп жүріп үйшік тұрғындарының* ән салған-
дарын естиді.
Аю қорбаңдап үйшікке жақын келіп:
– Сүп-сүйкімді, кішкентай бұл үйшікте кім бар? – дейді.
– Мен – тықылдауық тышқан!
– Мен – бақылдауық бақа.
– Мен – қорқақ қоян.
– Мен – қу түлкі!
20
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.