Page 48 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 48

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                              Нағыз дос                                          special.edu.kz.

                 Атасы Аңсағанға:
                 – «Әр адамның адал досы болуы керек», – дейді. Ол ата-
             сының осы сөзі туралы үнемі ойлап жүретін. Шынымен де
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             досың болса көңілдірек емес пе!
                 Ол сыныптағы балалардың бәрімен дос секілді. Бәрімен
             тату. Бірақ «жақын досым» деп ешкімді бөліп айта алмайды.
             Себебі, үнемі бәрімен бірге жүреді. Бәрімен бірге ойнайды.

                                                   * * *
                 Өткенде сыныпта бір оқиға болды. Үзіліс кезі болатын.
             Апай жоқ. Балалардың біреуі тақта сүртіп жатыр. Енді біреу-
             лері сыртқа шығып кеткен. Аңсаған терезенің алдына барып
             тұрды. Терезелердің алдына қатарластырып неше түрлі гүл-
             дер қойылған. Бірінен-бірі өткен әдемі. Ол жақын келіп гүл-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             дерді иіскеді.
                 Бір кезде екі бала бір-бірін итерісіп ойнай бастады. Бай-
             қаусызда бірі гүлді қағып жіберді. Аңсаған құлаған гүлді  кө-
             термекші болып еңкейген кезде сыныпқа апай кірді.



                 Апай:                             * * *
                 – Сенің мұның не, Аңсаған? Сені тәртіпті бала деп жүр-
             сем... Гүлді құлатқаның не? – деді.
                 Үндемедім. «Мен емеспін», – деп қайтіп айтамын. «Сонда
             кім істеді?» десе не деп жауап берем?» – деп үнсіз қалдым.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             Осы кезде жанында тұрған Асылхан:
                 – Апай, гүлді құлатқан Аңсаған емес, – деді.
                 Апай:

                 – Сонда кім? Сен бе? – деді.
                 Асылхан:
                 – Әли екеуміз ойнап жүріп гүлді құлатып алдық. Біз
             кінәліміз, – деді Асылхан төмен қарап.





             46
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53