Page 78 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 78

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                               Жер-Ана                                           special.edu.kz.
                 Оқу және тіл дамыту сабағы басталды.
                 Сабира апай:
                 – Балалар, бүгін Жер-Ана туралы тақырып өтеміз. Біз
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             туып, өскен жерімізді Жер-Ана деп атаймыз. Жер-Ана бүкіл
             адамдарды асырайды. Біздің күнделікті өмірге қажетті: та-
             ғам, киім, жылу, жарық, бәрін-бәрін осы Жерден аламыз.
             Сондықтан әр адам Жер-Анаға құрметпен қарауы керек.
             Табиғатты қорғауға атсалысуымыз қажет, – деді.
                 Содан соң Сәбира апай ата-бабаларымыздың* жерімізді,
             елімізді қалай қорғағаны туралы айтты. Қаракерей Қабанбай,
             Шапырашты Наурызбай, Қанжығалы Бөгенбай, Жалаңтөс Ба-
             һадүр сияқты батырларымыз туралы да айтып өтті. Біз осы са-
             бақта батырлардың жаумен қалай күрескендерін білдік.
                 – Апай, осы батырлардың  бәрі  біздің Жер-Анамызды
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             қорғаған ба? – деп сұрады Мақсат.
                 – Иә, – деді апай.
                 Сағатбек:
                 – Бұрын батыр ағаларымыз жерімізді қорғаса, енді ол  –
             біздің міндетіміз! – деді.

                 Гүлнәр:                           * * *
                 – Қазір де елімізде қаншама батырлар бар. Олар туған
             елімізді гүлдендіруде, – деді.
                 Бейбіт:
                 – Олар біз үшін әдемі үйлер салып жатыр емес пе! Әсіре-
             се бір-біріне ұқсамайтын әдемі ғимараттарды айтсаңдаршы...
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             Қалай салынғанына таңғаласың! Ал біз ержеткенде кім болар
             екенбіз? – деп сыныптастарына сұраулы көзбен қарады.
                 Айнұр:
                 – Біз, біреуіміз адамдарды емдейтін дәрігер боламыз. Ал
             біреуіміз Сәбира апай секілді мұғалім боламыз. Өзіміздің ең-
             бегімізбен елге үлесімізді қосамыз, – деді.
                 Мейрамгүл:
                 – Дұрыс айтасың, Айнұр. Ең бастысы, өскенде бәріміз
             адал, жақсы адам бола білсек екен, – деп өз ойын айтты.

             76
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83