Page 82 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 82
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ТАБИҒАТ КӨРІНІСІ special.edu.kz.
Қыс
Жазбен қоштасу
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
І
Қараша айының соңы. Жаңбыр тоқтаусыз жауып тұр.
Бұл ауылдағы ең көңілсіз мезгіл.
Себебі, бір күннің ішінде жаз мезгілі бітіп кеткендей. Жаз
бізден алыс жақтарға кетіп қалғандай көрінді. Жаздың ор-
нына ауылды қалың тұман, көңілсіз суық басты. Ағаштар-
дың жапырақтары түсіп қалған. Бұрынғыдай шулап жүретін
құстар да жоқ. Олар да жылы жаққа ұшып кеткелі қашан!..
* * *
Жаңбырлы күндердің Рувим екеумізге кешкі уақыттары
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ғана ұнайды. Өйткені, пештегі от лапылдап жанып жатыр.
Шамнан үй іші жап-жарық. Дастарқан басына атам түтіні
бұрқыраған ескі самаурынды әкелді. Самаурынның буынан
терезе дымданып кетті. Будан даладағы жаңбыр көрінбей
қалды.
Даладан тоқтаусыз жауған жаңбыр мен уілдей соққан
желдің дыбысы ғана естіледі. Жел қатты соққанда терезені
біреу ұрып тұрғандай.
Шай ішіп болған соң, Рувим екеуміз кітап оқуға отырдық.
Осындай жаңбырлы кештерде ұзақ та, қызықты әңгімелер
оқыған жақсы. Кітап оқып жатып қалай ұйықтап қалғаны-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мызды да білмей қалдық.
* * *
Кенет мен ұйқымнан оянып кеттім. Өзімді құлағым керең*
болып қалғандай сезіндім. Жан-жағымдағы дыбыстарды
тыңдап біраз жаттым. Ештеме естілер емес. Айнала тым-ты-
рыс.
Сөйтсем, далада тыныштық орнапты. Жаңбыр да тоқ-
таған. Жел де тоқтаған.
80
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.