Page 84 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 84
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ІІ special.edu.kz.
Айдың жарығымен сағатқа қарадым. Сағат түнгі екі екен.
Алғашқы қар қашан жауып үлгерген?
Өзім кеш ұйықтап едім. Сонда небәрі екі сағаттың ішінде
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
табиғат қалай өзгерген? Айнала аппақ қар. Дала да, бақша
да – бәрі, бәрі аппақ.
Осы кезде Рувим де оянды. Ол да терезеге ұзақ қарап
тұрды да:
– Алғашқы қардың жерге жарасып тұрғанын-ай! – деді.
Таңертең айналаның бәрін қар басып қалыпты. Әр жер-
ден қалақайдың сабақтары ғана қылтиып қар астынан көрі-
неді.
Осындай қыстың алғашқы күнінде үйде отыру мүмкін
емес еді. Рувим екеуміз киініп алдық. Сөйтіп ормандағы
өзенге қарай бет алдық.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Орман іші қандай тамаша! Айналаның бәрін ақ қар
басқан. Тып-тыныш. Ауа тап-таза.
Бұлтты аспаннан анда-санда қалықтап қар жауып тұр. Біз
қалықтаған қарға алақанымызды тостық. Алақанға қонған
қар бірден тап-таза, мөлдір су тамшысына айналды. Мон-
шақ құсап домалап жерге түсіп жатты.
* * *
Біз қысқы орманда кешке дейін жүрдік. Бір топ суық-
торғайлардың бүрісіп долана ағашының бұтақтарында қо-
нақтап отырғанын көрдік.
Рувим екеуміз өзенге келдік. Өзеннің бетін мұз жапқан.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мұздың мөлдірлігі соншалық, су түбі анық көрінеді. Мен су
түбіне қызықтай қарадым. Әне, мұз астында бір топ балық
жүзіп жүр. Рувим кішкентай тас алып, суға лақтырып қалды.
Тас түскен жер «сырт» етіп ойылып кетті. Балықтар өзеннің
түбіне қарай жүзе жөнелді.
Орман іші қараңғылана бастады. Бір сәтте жайлап қар
жауды.
Қыс мезгілі өз жұмысына кірісті. Біз қыс мезгіліне қызыға
қарадық. Ақырын басып орманнан шығуға бет алдық.
82
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.