Page 87 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 87

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                     Қар жауған күн                                              special.edu.kz.
            Жарас таңертең ерте тұрды. Жылы киініп далаға шықты.
        Түнімен  жауған  қар  бәрін  басып  қалыпты.  Аяқ  астындағы
        аппақ қарды басуға аяйсың.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Қарсы ауладан шана ұстаған Молдахан мен Құдияр
        шықты. Жарас соларға қарай жүрді.
            – Қар қандай жақсы, қараңдаршы! Жата қалып аунағың
        келеді, – деді Жарас.
            Екеуі Жарастың сөзін ести сала қарға аунай кетті. Оларға
        Жарас та қосылды. Үшеуі ақ қардың үстінде алысып ойнауға
        кірісті. Олар екеуі жабылып Жарастың мойнына қар салып
        жатыр. Бетін, құлағын қармен ысқылады. Үшеуі күле-күле
        шаршап қалды. Ақ қардың үстіне жата кетті. Аспанға қарап
        біраз жатты.
            Жауып тұрған қар олардың шаштарына, кірпіктеріне,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        қастарына жабысып қалған. Үш баланың түрі мүлде өзгеріп
        шыға келді. Жауған қар оларға ерекше әсер етті. Олар өте
        риза.
            – Қар қандай жұмсақ! Тура мамық жастықта жатқандай-
        мын, – деді Молдахан көтеріңкі дауыспен.
            – Иә, айналаны қараңдаршы. Қар жауған сайын дала да,
        ауа да тап-таза болып кететін секілді, – деп Құдияр да қос-
        тады.
            – Қар көп болса бізге де жақсы емес пе! Бүгінгідей қар-
        дың үстіне аунап ойнаймыз. Жүріңдер, бәріміз аққала соқ-
        сақ қайтеді! – деп Жарас достарын шақырды.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Үш бала аққала соғуға бет алды.
                                                                  (М. Қалдыбаевтан.)

                    Жарастың достарына айтқан сөзін кезектесіп оқы.
                1. Үш бала не істеді?
            2. Жауған қар оларға қалай әсер етті?
                Молдахан, Құдияр Жарастың сөздерін тауып оқы.
            1. Молдахан көтеріңкі дауыспен не деді?
            2. Құдияр қандай сөздермен қостады?
                Таңертең ерте тұрған Жарас туралы дұрыс оқы.
            1. Жарас аулада нені байқады?
            2. Ол қайда барды?                                                       85
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92