Page 88 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 88
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қысқы жұмыс special.edu.kz.
Бүгін жексенбі. Ерік таңертең далаға шықты. Айнала тү-
гелдей аппақ қар. Кеше ғана ауладағы бүкіл қарды күреп
шыққан еді. Енді жауған қардан күрелгені білінбейді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Апа, тағы көп қар жауыпты. Кеше күреген жерімді ба-
сып салыпты, – деді Ерік. Апасы далаға терезеден қарап:
– Қардың осылай көп жауғаны жақсы. Ол ырыс* бел-
гісі. Топырақ ылғалды болса, жазда егін де, жеміс те жақсы
шығады. Жеміс, астық көп болса, халық та риза болады, ба-
лам. Сен оған ренжіме, – деді.
– Апа, ендеше мен қарды бақшаға тасиын, – деді Ерік.
– Әкеңді бір қуантар едің, – деді анасы күлімдеп.
Ерік далаға шықты. Ауланың қарын ерінбей шанаға сал-
ды. Шанадағы қарды бақшаға апарып төкті. Түске дейін
аула ішін тап-таза етті. Маңдайының терін сүртті. Күрекке
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сүйеніп, өз еңбегінің нәтижесіне сүйсіне қарады. Міне, жұ-
мыс та бітті. Үйге келген әкесіне Ерік:
– Әке, енді біздің бақшамыздағы жеміс жақсы өсетін бола-
ды. Қараңызшы, барлық қарды бақшаға апарып төктім, – деді.
– Ақылыңнан айналайын! Еңбегің жана берсін! – деді әкесі.
(Г. Нұғыманова)
ырыс белгісі – береке, байлықтың белгісі
1. Далаға шыққан Ерік нені байқады?
2. Апасы оған қар туралы не айтты?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
3. Ерік не істеді?
4. Ол әкесіне өз ісі туралы не айтты?
5. Әкесі қалай риза болды?
Далаға шыққан Ерік туралы тыныс белгілерін сақтап оқы.
Еріктің жасаған жұмысын әңгімеле.
Апасының қар туралы айтқанын тауып оқы. Қардың пайдасын айт.
Жексенбі күні туралы бөлікті оқы. Даладағы өзгерісті айтып бер.
«Ырыс белгісі» дегеніміз не? Сөздікке сүйеніп айт.
86
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.