Page 86 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 86
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Қыс special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, special.edu.kz.
Соқыр, мылқау*, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы үскірік*, аяз бен қар,
Кәрі құдаң* қыс келіп әлек* салды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
special.edu.kz.
special.edu.kz. Басын сіліксе қар жауып мазаңды алды. special.edu.kz.
(Абай)
үскірік – суық жел әлек салды – әуреге салу
соқыр, мылқау – ештеңені көрмейді, естімейді.
кәрі құдаң – қысты кәрі шалға теңеп тұр
1. Өлеңде ақын қысты кімге теңеп тұр?
2. Шалдың киімдері қандай?
3. Киім деп отырғаны не?
4. Соқыр, мылқау дейтін себебі не?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
5. Түрі, түсі қандай?
6. Қыс дем алса не болады?
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Суретке сүйеніп қыс мезгілін суреттеп көр.
Өлеңді кезектесіп оқы.
Төмендегі сөздерді мағыналас сөздермен жалғастыр.
Үскірік, аяз, ... , ... .
Өлең жолдарын оқы. Суретке қарап айт.
Өлеңдегі суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады?
84
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.