Page 30 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 30
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ескерту: «Менің Отаным – Қазақстан» тарауы бағдар-
ламадан тыс көптеген әңгіме, өлеңдермен толықтырылды.
5) Туған табиғат көріністері (қыс)
Құнанбаев «Қыс», Е. Елубаев «Шаңғы жол», М.Пришвин
«Соңғы аяз», «Қар астындағы құстар», С. Есенин «Қыс».
«Қыс» тарауына қыс мезгілінің маусымдық ерекшеліктерін
көрсететін әңгімелер мен өлеңдер енгізілді. Тарау әңгіме-
лерінде қысқы табиғат, адамдардың қысқы еңбектері, ба-
лалардың ойын түрлері, жануарлар мен қыстап қалатын құс-
тардың қысқы тіршілігі туралы қызықты мәліметтер берілген.
Ескерту: «Табиғат көрінісі. Қыс» тарауы бағдарламадан
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тыс көптеген әңгіме, өлеңдермен толықтырылды.
6) «Жақсылыққа асығыңдар» тарауы.
З. Иманбаев «Достар», Л. Н. Толстой «Дәнек (сүйек)»,
А. К. Құсниденова «Екі қыздың оқиғасы. І бөлім – Іскергүл»,
«Екі қыздың оқиғасы. І бөлім – Жалқаугүл»; В. Сухомлин-
ский «Қатқан нан»; Е. Елубай «Ерлік мәңгі есте».
«Жақсылыққа асығыңдар» тарауында оқушылар адам
бойындағы әдептілік, ізеттілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор
болу т.с.с. қасиеттер туралы әңгімелер мен өлеңдер оқиды.
Әңгімелердің оқушы үшін тәрбиелік маңызы өте зор. Осы
тарауды оқу барысы әр оқушының бойында жақсы қасиет-
терді қалыптастыруға, әдептілік қасиеттерін бойына сіңіре
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
білуіне мүмкіндік береді.
Ескерту: Тарауға бағдарлама бойынша берілген А. К. Кус-
ниденованың «Екі қыздың оқиғасы І бөлім – Іскергүл», «Екі
қыздың оқиғасы. І бөлім – Жалқаугүл»; В.Сухомлинский
«Қатқан нан»; көмекші мектептің 5-сыныбына бергендік-
тен, бұл шығармалар оқулыққа енгізілмеді. Е. Елубаев-
тың «Ерлік мәңгі есте» әңгімесі Ұлы Отан соғысына арна-
лып хроникалық бейнебаян ретінде берілгендіктен, оны
еліміздің батыры, «Халық Қаһарманы» Хиуаз Доспанова
арналған «Қаһарман қыз Хиуаз» әңгімесімен ауыстырдық.
7) Туған табиғат көріністері (көктем).
Б. Қозыкеев «Құс келеді». Д. Қанатбаев «Күлімде, Күн, кү-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
28