Page 25 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 25
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Бекіту мен қайталаудан кейін сабақ уақытында білім мен
дағдыны бақылау жүзеге асады. Сіз сондай-ақ, әрбір тақы-
рып бойынша оқушының барлық іс-әрекеттерін мұқият
бақылап, талдай отырып, оның жетістігіне баға бересіз. Мұ-
ғалім осы бағаға сүйеніп өзіндік дәптеріне оқушының мате-
риалды игерудің қол жеткізген деңгейін талдай отырып басқа
деңгейге ауысуына мүмкіндік жасайды.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар 5-10-сынып оқушыла-
рына арналған «Оқу және тіл дамыту» пәнінен жаңар-
тылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында оқу және
тіл дамыту пәнінің негізгі мақсаты, оқыту міндеттері, қағи-
special.edu.kz. special.edu.kz.
далары нақты көрсетілген.
«Оқу және тіл дамыту» пәнінің негізгі мақсаты:
Оқыған материалды дұрыс, жылдам, саналы түрде тү-
сініп және мәнерлеп оқуға дағдыландыру, байланысты-
рып сөйлеуін дамыту, көркем шығармаларды қабылдау
мен талдау негізінде балалардың коммуникативті дағ-
дыларын жетілдіру және рухани құндылықтарын қалып-
тастыру.
«Оқу және тіл дамыту» пәнін оқытудың міндеттері:
1) қазақ, орыс және әлем әдебиеті мен мәдениеті негізінде
әлеуметтік тұрғыда табысты бейімделуіне ықпал жасайтын
білімдерді, қабілеттерді, дағдыларды қалыптастыру;
special.edu.kz. special.edu.kz.
2) оқушылар көркем әдебиет шығармаларының авторлық
түпкі ойын терең түсінулері үшін әдебиеттанушылық түсінік-
тердің меңгерілуіне ықпал жасау;
3) балалардың ұғымына лайықты мәтіндерді дауыстап
және іштей оқу, оқыған шығармаларды саналы түрде түсіну
дағдыларын қалыптастырып жетілдіру;
4) түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды терең түсіну мен
саралау негізінде коммуникативтік дағдыларды дамыту;
5) оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабі-
летін дамыту, өз ойына тұжырымдама жасай білу, ұқсас-
тық пен себептік-нәтижелік байланысты анықтау дағды-
ларын қалыптастыру;
special.edu.kz. special.edu.kz.
23