Page 22 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 22
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқу және тіл дамыту оқулығының ерекшелігі
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған оқу және
тіл дамытудың типтік оқу бағдарламасы – оқулық пен жұмыс
дәптері оқу мазмұнына сәйкес келетін оқу құралдары.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі оқу материалы ақыл-ой
кемістігі бар оқушылардың ойлау қабілетін, оқу мен сөйлеу
тілін дамытудың арнайы әдістемесіне сәйкес құрастырылған.
Оқулық пен жұмыс дәптерінің әдістемелік құралы күр-
делілік тұрғысынан бірдей емес. Тапсырманың күрделілік
деңгейінің шартты белгілері бар. Шартты белгі ретінде түр-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
лі түсті шеңберлер қолданылады. Бұл шартты белгілер мұға-
лімдерге оқушылармен деңгейлік жұмыс жасауға жақсы
мүмкіндік береді. Әр мұғалім сыныптың ерекшелігіне қарай
оқушыларды деңгейге бөліп топтастырады. Ол деңгейлер:
Жасыл шеңбер – күрделіліктің бірінші (төменгі) деңгейін
білдіреді. Мұнда мұғалімінің тапсырмасы бойынша оқушыдан
тақырыпты білу немесе суретті әңгімелеу талап етіледі.
Сары шеңбер – күрделі оқу тапсырмасының екінші дең-
гейі, мұнда оқушыға мәтіннің мазмұнын түсіну және мұғалімді
қайталай отырып жеке сөйлеу, сөздер мен сөз тіркестерін
қолдану ұсынылады.
Қызыл шеңбер – күрделіліктің үшінші деңгейі, оқулық пен
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жұмыс дәптеріндегі әдістемелік аппаратқа сүйене отырып
өздігінен талдау, салыстыру және жалпылауды жүзеге асы-
руды көздейді.
Оқушы тапсырмасының күрделілігі мұғалімнің баланың
жетістігін байқай білуіне байланысты таңдалады. Есіңізде
болсын, кез келген оқушы тапсырмалардың күрделілік
деңгейінің барлығына қол жеткізе алмайды. Оқушы өзінің
қабілетіне қарай, мысалы, бірінші деңгейдегі күрделіліктің
материалымен ғана жұмыс істеуге құқылы. Жұмыс дәптері
оқулықтың мазмұнын толықтырады және оқушы жұмыс дәп-
термен әр сабақта жеке жұмыс жасайды.
Оқушы жылдың басында жасыл шеңбер деңгейінде болса
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
20