Page 23 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 23
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
(күрделі деңгей), жыл көлемінде оның деңгейі сары шеңбер
деңгейіне көтерілуі мүмкін. Сары деңгейдегі оқушының да
қызыл деңгейге көтерілу мүмкіндігі бар. Сондықтан мұғалім
оқыту және тіл дамыту сабағында осы деңгейлердің өзгеруіне
ықпал ете білуі керек. Барынша оқушының бойында сабаққа
деген қызығушылықты оятып, оны белсендіре білуі тиіс.
Оқулықтағы мәтіндердің тапсырмасын мұғалім сыныптың
ерекшелігіне қарай өзгертіп отырады.
Шеңбердегі тапсырмалардың орындалу реті мұғалімнің
еркінде. Мұғалім сыныптың ерекшелігіне қарай жұмысты қай
деңгейден бастаса да әдістемелік тұрғыдан дұрыс. Деңгейлік
special.edu.kz. special.edu.kz.
тапсырмаларды оқулықта берілген рет пен орындаудың қа-
тып қалған ережесі жоқ. Мұғалімнің тапсырмаларды өзгертіп,
оны оқушылармен бірлесіп орындауға мүмкіндігі бар.
Оқулықтағы шығармаларды талдауға берілген сұрақ-
тардың (сабақтың тақырыбы мен мақсатына байланысты)
өзгертіп айтуы да мұғалімнің еркінде.
Мұғалім шығарманың тақырыбын ашуы керек. Алдын ала
әңгіме арқылы шығарманың неге солай аталуына қысқаша
мағлұмат беруі керек немесе шығарманы талдау барысында
түсіндіріп өтуі қажет. Шығармадағы сұрақтар оқушыға түсі-
нікті әрі мәтіннің мағынасын ашатындай құрастырылуы қа-
жет. Сондықтан мұғалім тек қана оқулықтағы нақты сұрақ-
special.edu.kz. special.edu.kz.
тарға ғана емес, ол сұрақтарды басқа сұрақтармен алмас-
тырып немесе өзгертіп қоюына болады.
Мұғалім шығарманы оқу барысында шығармадағы оқи-
ғаның басталуын, оның жалғасын, аяқталуын реттілікпен
көрсете білуі тиіс. Осы реттілікті дұрыс көрсете білу негізінде
оқушылар мәтінді дұрыс түсініп мазмұндай білуге мүмкіндік
алады.
Жұмыс дәптерін қолдану тәсілдері
Оқу және тіл дамыту оқулығына көмекші құрал ретінде жұ-
мыс дәптері берілді. Жұмыс дәптердің ерекшелігі – сыныпта
оқыған шығарманың мазмұнын толық түсіну, алған білімін
special.edu.kz. special.edu.kz.
21