Page 24 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 24
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қорытындылап бекіту. Жұмыс дәптерінде оқулықта берілген
барлық материалдар енгізілмеген. Қосымша бекітуді қамта-
масыз ететін шығармаларға ғана жұмыс дәптерінде тапсыр-
малар берілді. Жұмыс дәптері мұғалім үшін үлкен көмек.
Білім алып жатқан оқушылар, жазу жұмысының (бастыру,
бояу, штрихтау) тек жұмыс дәптерінде орындалуы керектігін
түсінуі қажет. Оқулыққа қарындаш, қаламмен сызуға, бояуға
болмайды.
Жұмыс дәптерінде жаттығу тапсырмаларын орындау
оқушыдан алдымен белсенді қызметтердің қалыптасуын
керек етеді. Олар: қарау, контур бойынша бастырып сызу,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қайта өңдеу және т.б. Дәптердегі тапсырмаларды орындау
барысында оқушының зейінін қалыптастыру, талдау және
жинақтау әрекетіне, салыстыруға, көрнекілікті үйлестіруге,
өзін-өзі бақылауды дамытуға жағдай жасалады.
Әр тараудың соңында мұғалім өткен тақырыптарды сұ-
рақтар, суреттер, тапсырмалар арқылы еске түсіріп қайта-
лайды, жүйелейді. Мысалы, Жануарлар тарауы бойынша
мұғалім осы тарауда өтілген өлеңдер, әңгімелерді суреттер
арқылы естеріне түсіруді сұрайды, әңгімелейді. Оқушылар
үй жануарларын, жабайы аңдарды атайды. Олардың айыр-
машылығын салыстырады т.б.
Оқу жылының соңғы тоқсанында бөлімдер мен тақы-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
рыптарды өздік жұмыстарының қорытындыларын, жеткен
жетістіктерін сараптама үлгісінде папкаға жинаңыз: мысалы,
жылдың басында мұғалім әр оқушының оқу дағдысын
тексеріп, арнайы дәптерге толтырады. Әр тоқсан соңында
оқушылардың жетісітіктерін белгілеп отырады. Деңгейден-
деңгейге ауысуына көмектеседі.
Оқушылардан бүкіл жаттығуларды орындау талап етіл-
мейді. Баланың деңгейін анықтай отырып, тапсырмаларды
ауыстырып беру керек. Ешқашан оқушының орнына тап-
сырмаларды орындамаңыз.
Жұмыс дәптері әр оқушының оқу үдерісін меңгерудегі та-
быстылығын белгілеу үшін жетістіктер карталарын қамтиды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
22