Page 19 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 19

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           қатысу белсенділігі артады. Дұрыс және түсініп оқуға мүм-
           кіндік алады.
             Рөлге  бөлудің  негізінде  оқу  дағдыларының  барлық
           түрлері: дауыстап оқу, жүгіртіп оқу, дұрыс оқу, мәнерлеп
           оқу, түсініп оқу дағдылары жүзеге асады.

                                  Ертегілерді оқу
             Ертегі – оқушылар үшін ең сүйікті жанрдың бірі.
              «Оқу және тіл дамыту» оқулықтарында ертегілердің мына
           түрлері қамтылған:
             - тұрмыс-салт ертегілері;
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             - қиял-ғажайып ертегілері;
             - жануарлар туралы ертегілер.
             Ертегінің бір ерекшелігі – онда кейіпкерлердің барлығы
           сөйлейді (заттар, аңдар, табиғи құбылыстар). Осының өзі
           оқушыларға қызықты. Әр ертегі мазмұнының оқушыларға
           беретін тәрбиелік мәні үлкен. Кейіпкерлердің іс-әрекеті ар-
           қылы оқушылар өмірде жақсы мен жаманды, мейірімділік пен
           қатыгездікті, еңбекқорлық пен жалқаулықты салыстырып
           үйренеді. Ертегі – оқушылардың сөйлеу тілінің дамуына жағ-
           дай жасайтын жақсы мүмкіндік. Өйткені ертегіні рөлге бө-
           ліп оқу, кейіпкерлердің қимылын, дауысын салып айту оқу-
           шыларға өте қызық. Осы қызығушылықтың нәтижесінде олар
           ертегінің  мазмұнын  толық  жеткізуге  тырысады.  Мұғалім
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           одан әрі оқушыларды қызықтыру үшін түрлі диафильмдер,
           аудио, бейнетаспалар, интербелсенді тақтаны, жан-жануар-
           лардың бет перделерін қолданады.
             Оқушыларға ертегінің мазмұнын толық ашуға тағы да бір
           мүмкіндік – ол сахналық қойылым.
             Ертегіні  мазмұндаудың  тағы  бір  ерекшілігі  –  оқушыға
           ертегінің немен аяқталатынын болжату. Ол үшін оқылған
           ертегіге  мұғалім  қосымша  сұрақтар  арқылы  оқушыны
           қызықтырады («Сен осы ертегіні қалай аяқтар едің? Сен ...
           орнында болсаң не істер едің?» т.с.с.). Оқулықта жоғарыда
           айтылған барлық тәсілдерді ескере отырып, біз ертегілерге
           сахналық  қойылым,  кейіпкерлерге  суреттер  арқылы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          17
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24