Page 14 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 14

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           кейіпкерлердің бейнесін жан-жақты ашу, зерде бұзылыстары
           бар оқушылар үшін қиындау. Сол себепті жоғарғы сынып
           оқушыларымен көркем шығармаларды талдау барысында
           көрнекі құралдарды көп қолдану қажет. Екі құбылысты, екі
           кейіпкерді салыстыру арқылы мәтіннің мазмұнын аша білуге
           дағдылану қажет.
              Мұғалім сабақ барысында оқушының сұраққа толық жауап
           беруін, байланыстырып сөйлеуін, әдеби шығарманы талдау
           барысында көркем сөздерді қолдануын талап етуі тиіс.
              Мәтінге талдау жасау.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
              Мәтінге талдау жасау мұғалім мәтінді оқығаннан кейін
           жүргізіледі.  Мұғалімнен  кейін  сыныптағы  жақсы  оқитын
           бірнеше оқушы оқиды. Орташа деңгейдегі оқушылар әңгі-
           менің бір бөлігін ғана оқиды. Ал төменгі деңгейдегі оқушылар
           мәтіндегі жеңіл үш-төрт сөйлемді оқиды. Оқуға сабақтың
           20 минут уақыты беріледі. Мәтінді оқып болған соң, мұғалім
           мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қояды. Оқушылардан
           толық жауапты талап етеді. (Оқушылар жауап барысында
           мұғалім ұсынған көрнекіліктерді қолдана білуі және соған
           сүйеніп толық жауап беруі тиіс).
              Оқылған мәтінді бекіту.
              5-9-сыныптардан бастап оқушылар көлемі жағынан үл-
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           кен  шығармаларды  оқи  бастайды.  Осыған  байланысты
           мұғалім шығармалардың кейбір бөлігін үйде оқуға береді.
           Мұғалім алдын ала оқушыларға қандай сұрақтарға жауап
           беру  керектігін  айтады.  Бұл  сұрақтар  шығарманың  же-
           лісін сақтауға және сыныпта оқыған шығарма бөлігімен бай-
           ланысын үзбеуге негізделуі тиіс. Оқылған шығармаға то-
           лық талдау жасау әңгімені толық оқып болғаннан кейін жүргізі-
           леді. Оқушы шығармадағы басты кейіпкерге мінездеме бере-
           ді. Зерде бұзылыстары бар оқушы әңгіме кейіпкеріне мінезде-
           мені қарапайым сөздермен ғана бере алады. Ол шығармада-
           ғы оқиғалардың жеке бөлігін ғана сипаттап айтуы мүмкін, сол
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           12
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19