Page 10 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 10

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
              Зерде даму бұзылыстары бар оқушылар мәтінді оқы-
           ғанда  көптеген  қателер  жібереді:  әріптерді  қалдырып,
           ауыстырып,  сөздегі  буындарды,  сөздерді  орындарымен
           ауыстырып  оқиды;  оқу  барысында  бір  сөздік  қатардан,
           екінші сөздік қатарға секіріп кетеді; кей жағдайларда сөздің
           аяғындағы жұрнақ, жалғауларды қалдырып оқиды.
              1. Мұғалімнің мәтінді баяу оқуы (мәтін осыған дейін
           талданған).  Бұндай  оқу  кезінде  оқушылар  басқа  оқу-
           шылардың оқығандарымен ілесіп мәтінді саусақпен жүр-
           гізіп отыруға мүмкіндік алады. Мұғалім кез келген уақытта
           оқушыларды  талпындырып,  мақтау,  мадақтау  әдістерін
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           қолдану арқылы белсендіреді (шаттық шеңберін құру, қол
           шапалақтау, жалауша беру, ...).
              2.   Аралас оқу – бұл мәтіннің ішінде бір сөйлемді мұға-
           лім алдын ала белгілейді. Осы белгіленген сөйлемді мұ-
           ғалім оқушыларға хормен оқытады. Балалардың алдына
           дәл уақытында хормен оқуға кірісуге талап қойылады және
           мұғалім барлық оқушының белсене қатысуын қадағалайды.
              3. Мұғалім мен оқушылардың бірігіп оқуы.

              Бұл  тәсіл  кезінде  мәтінді  мұғалім  оқушылармен  бір-
           ге  бастап  оқиды.  Белгілі  бір  уақытта  мұғалім  өз  оқуын
           тоқтатады.  Ал  балалар  хормен  оқуын  жалғастырады.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           Осындай  оқу  барысында  оқушылар  жаппай  бірқалыпты
           жылдамдықты  қадағалап  отыруы  тиіс.  Мұғалім  қажет
           жағдайда  оқушыларға  қайтадан  қосылып,  оқуды  жал-
           ғастырады.
              4. Оқушының бір-бірінің оқуын бақылауы.

              Оқу барысында оқушылар бір-бірінің жіберген қателерін
           анықтайды. Бір-біріне баға береді. Әр оқушы бір-екі сөй-
           лемнен артық оқымауы тиіс. Оқылып болған соң, оларға
           өзара бір-бірінің қателігін талдауға мүмкіндік беру қажет.
              5. Оқушылармен жеке жұмыс түрін ұйымдастыру.
              Әр сыныпта жұмыс қабілеті төмен оқушылар жеке жұ-
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           8
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15