Page 8 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 8

special.edu.kz.
                                                           special.edu.kz.
     special.edu.kz.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           сүйенсек, дауыстап оқу – оқушының өзі оқыған мәтінді дұрыс
           түсінуіне мүмкіндік беретін оқу түрі. Бұл бастауыш сынып
           пен жоғарғы сынып оқушыларына да қатысты. Дауыстап
           оқудың негізі: оқушы тек қана мәтінді көріп қана қоймай, оны
           айтады және естиді. Мәтінді интонациялық ырғақпен оқудың
           өзі оқушының мәтінді жақсы түсінуін жеңілдетеді.
              Дауыстап  оқу  арқылы  мұғалім  әр  оқушының  мәтінді
           мәнерлеп оқуына, сөздің көркемдік мағынасын ашуға, сөздің
           айтылу кезіндегі ерекшелігін қадағалап отыруға мүмкіндік
           алады. Сонымен қатар дауыстап оқыту арқылы мұғалім әр
           оқушының дұрыс оқуын тексереді. Біртіндеп дауыстап оқу
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           арқылы оқушыларды іштей оқу түріне көшуге дайындайды.
           Ал іштей оқу дауыстап оқуға қарағанда екі-үш есе жылдам
           жүзеге асады.
                                      Іштей оқу

              Зерде  бұзылыстары  бар  оқушыларда  іштей  оқу  түрін
           меңгеру біраз қиындықтар туғызады. Мұғалімнің көмегінсіз
           іштей оқыған оқушы мәтіннің мазмұнын, ондағы оқиға желісін
           дұрыс түсінбейді.
              Оқушылар іштей түсініп оқу үшін әртүрлі деңгейдегі
           тапсырмаларды қолданамыз:
              1. Карточкада берілген тапсырманы оқы және орында.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
              2. Мәтінге қатысты тақтада жазылған сұрақтардың дұрыс
           жауабын тап.
              3.  Тақтада  жазылған  бірнеше  сұрақтарға  өз  сөзіңмен
           толық жауап беруге дайындал.
              4. Оқылған мәтіннің мазмұнын айтуға дайындал.
              5. Мәтін ішінде өзің түсінбеген сөздерді таңда, жазып ал.
              6. Берілген жоспар бойынша мәтінді бөлімдерге бөл.
              7. Әңгімеге ат қой.
              8. Өз бетінше бөлімдерге ат қой.
              9. Мәтіндегі бас кейіпкерді сипаттайтын сөздер мен сөз
           тіркестерін тап.
 special.edu.kz.  special.edu.kz.                          special.edu.kz.
           6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13