Page 13 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 13

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             1) оқушыларды мәтінді қабылдауға дайындау;
             2) сөздік жұмыс;
             3) мәнерлеп бірінші мұғалімнің оқуы, екінші оқушылардың
                   оқуы;
             4) қайталап оқу барысындағы жасалатын талдау;
             5) жоспар құру;
             6) мазмұндау;
             7) көркем шығармаларды екпін ырғағын қойып оқу;
             8) кейіпкерлерге мінездеме беру;
             9) оқылған материалды жалпылау.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Оқушыларды мәтінді қабылдауға дайындау. Оқушы-
           ларды мәтінді қабылдауға дайындау кезінде алдын ала
           кіріспе әңгімемен ғана шектелуге болмайды. Кіріспе әңгіме
           бірқатар әдістер мен тәсілдерден тұруы қажет. Оқушыларды
           алдын ала мұғалім топ серуенге апарады. Қоршаған орта-
           дағы болып жатқан өзгерістерді бақылайды. Табиғи мате-
           риалдарды талдайды, талқылайды, салыстырады, өз ойла-
           рымен бөліседі, өз ой тұжырымдарын айтады, өз көзқарас-
           тарын білдіреді. Топ серуеннен кейін сыныпқа келіп оқушы-
           лар серуен барысында алған білімдерін өтілетін жаңа ма-
           териалмен ұштастыра білу керек.
             Ал егер өтілетін сабақ тақырыбы балаға таныс емес бол-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           са (мұхит, тау ішінде болған оқиға, су астындағы тіршілік, жа-
           байы аңдар туралы мәтіндер болса т.б.) мұғалім көрне-
           кі құралдардың көмегімен, әсіресе интербелсенді тақта қол-
           дану арқылы барынша берілген тақырыпты шынайы етіп
           аша білуі қажет.
              Мәтінді толық түсіну үшін ең басты рөлді сабақтағы
           сөздік жұмыс алады.
              Арнайы мектептерде көркем шығарманы талдау күрделі
           үдеріс. Оның қиындығы – оқушылардағы бейнелі ойлаудың
           жеткіліксіздігі, оқушылардың көркем шығармадағы оқиғаның
           нақты белгілерін ғана қабылдауы, оқиғаның астарын, ондағы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18