Page 18 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 18
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мұғалім мәтінді оқу барысында кейіпкерлердің дауысын,
қимылын келтіріп, интонациямен оқып шығады. Мұғалімнің
осындай оқу тәсілі оқушы үшін маңызы зор үлгі. Себебі,
оқушы мұғалімнің дауыс ырғағынан, қимылынан мәтіндегі
кейіпкерлерді көз алдына елестете алады. Оқушылар
мұғалімнің оқығанынан кейін әр кейіпкердің сөзін өз бетінше
тауып оқуға мүмкіндік алады.
Зерде бұзылыстары бар оқушылардың зейінінің шашы-
раңқы болуы, мінез құлқындағы тұрақсыздық оқу және тіл
дамыту сабағында мәтіндегі белгілі бір бөлікті тауып оқуына
көп кедергілер келтіреді. Оқушыға мұғалім тапсырған бөлікті
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
табу қиын болады. Сондықтан мұғалім үнемі сабақ барысын-
да өзі басшылыққа ала отырып оқушыларды жаппай сабаққа
қатыстырып, арнайы берілген бөліктерді тауып оқуына бағыт
беріп отырады. Біртіндеп мұғалім оқушыларға дауыстап,
тізбектеп оқытады. Содан кейін барып алдын ала оқылатын
мәтіндегі кейіпкерлердің сөздерін оқушыларға бөліп береді.
Мұғалім өзі бірінші автордың сөзін мәнерлеп бастап оқиды,
белгілі бір кейіпкерге келгенде оқушыға жалғастыруға мүм-
кіндік береді. Осылайша оқушылардың өз сөздерін тауып,
оны дұрыс оқуын қадағалап отырады.
Берілген оқулықтың басты ерекшелігінің бірі – кейіпкер-
лердің сөздері жеке жолдан берілген. Мысалы: «Аю, түлкі
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
және қойшы» ертегісінде:
Аю:
– Көргендеріңді біреуге айтсаң, мен сені жеп қоямын!-
дейді
Қойшы:
– Ешкімге айтпаймын. Сөз беремін, – дейді.
Осы тәсіл оқушыларға мәтіндегі кейіпкерлердің сөздерін
оңай табуға, рөлге бөліп оқу дағдасының қалыптасуына
үлкен көмек болады. Рөлге бөліп оқу кезінде оқушы өз
бетінше оқулықпен еркін жұмыс жасауға дағдыланады. Өз
бетінше кейіпкерлердің сөздерін тауып, оған мінездеме
бере алады. Пәнге деген қызығушылығы оянады. Сабаққа
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
16