Page 17 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 17

special.edu.kz.
 special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.        Оқу және тіл дамыту сабағының


                              мақсаты мен мазмұны
             Оқу және тіл дамыту сабағы зерде бұзылыстары бар
           оқушылар үшін адамгершілік эстетикалық және экологиялық
           тәрбие беретін жақсы құрал болып табылады.
             Оқу және тіл дамыту пәні арқылы балалар туған өлкесінің
           табиғатының сұлулығымен, тарихымен танысады. Шетел
           жазушыларының шығармалары арқылы әлемді танып білуге
           деген құштарлықтары оянады.
              Оқушылар әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқу арқылы
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           адамдар мен балалардың әрекеттеріне баға береді. Әр
           шығарманы оқып талдау арқылы мұғалім оқушыға тәрбиелік
           бағыт беріп отырады.
             Оқу сабағында баланың әлем туралы түсінігі кеңейеді.
           Оқушылар адамның өмірі, еңбегі туралы, табиғат құбылыс-
           тары жайлы қызықты мағлұматтар алады. Жаңа сөздермен
           танысады. Олардың мағынасын түсінеді.Осы жаңа сөздерді
           күнделікті сөйлеу тілінде қолдануға жаттығады. Оқу және тіл
           дамыту пәні арқылы оқушылардың сөздік қоры молайып,
           ауызша байланыстырып сөйлеу қабілеті жақсарады.

                                  Рөлге бөліп оқу

             Рөлге бөліп оқу – оқу дағдыларының ішіндегі ең күрделісі.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           Бірақ бұл тәсіл қиын болса да, тиімді тәсілдердің бірі. Рөлге
           бөліп оқу кезінде оқушылар бір-бірімен байланыста болады.
           Оқушылардың рөлге бөліп оқу кезінде барлық танымдық
           әрекеттері іске қосылады (зейіні, көз алдына елестету, ерік,
           есте сақтау...).
             Рөлге бөліп оқудың күрделілігі: оқушы ең бірінші мұқият
           тыңдайды; екіншіден, өзінің сөзін мәтіннен дұрыс табады;
           үшіншіден, өз сөзін ғана теріп оқиды; төртіншіден, өз рөліне
           тиісті сөздерді айтып береді.
             Рөлге бөліп оқытуды жүзеге асыру үшін мұғалім біртіндеп
           оқушылармен  дайындық  жұмыстарын  жүргізуі  тиіс.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                          15
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22