Page 12 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 12
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мәнерлеп оқу
Мәнерлеп оқу – оқыған шығарманы дауыс ырғағын салып
мәтіннің эмоциялық мағынасын ашу.
Егер мәнерлеп оқу дағдыларына келетін болсақ, зерде
бұзылыстары бар оқушылардың оқу жылдамдығы төмен
болады. Оқу барысында олар мәтіндегі логикалық паузаны
бұзып оқиды. Оқушылардың оқығанда дұрыс дем шығармау
себебінен дыбыстың өзгеруі байқалады. Кейде ерекше
дауыс шығарып оқиды, болмаса өте ақырын немесе баяу
оқиды. Бұл бірқалыптылықпен (монотонность) ерекшеле-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
неді.
Жүгіртіп оқу және түсініп оқу үдерістерінің жақсаруы оқу-
шылардың мәнерлеп оқуына әкеледі. Егер осы екі оқу түрін
тиімді жүргізген кезде, зерде бұзылыстары бар оқушыларды
да, орта мектептің оқушылары сияқты мәнерлеп оқуға қол
жеткізуіне болады. Бірақ мәнерлеп оқуды меңгеру көп
қиындықтар туғызады.
В. Я. Васелевская зерттеулерінде осы қиындықтарды ашып
көрсеткен. Ол қиындықтарды атап айтсақ: төменгі сыныптың
оқушылары себеп пен құбылыстардың арасындағы байла-
нысты байқамайтындықтары, үлкен адамның көмегінсіз
мәтіндегі оқиғаның мотивін түсінбеуі, шығарма кейіпкерлерінің
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
бейнесі мен мәтіннің негізгі ойын анықтай алмауы. Мәселен,
мәтіннің аты, мәтіндердегі кейіпкерлердің есімдерінің бірдей
болуы оларды кездейсоқ бір-бірімен шатастыруға әкеледі.
Осының нәтижесінде мәтіннің бір бөлігі толық шығармадан
алынып тасталады. Сөйтіп, шығарманың бөлімдерінің
мазмұны бір-біріне қатысы жоқ болып шығады. Нәтижесінде
мәтіннің басты ойы мүлде өзгеріп кетеді.
Түсініп оқу
Түсініп оқу – мәтіннің мазмұнын толық түсініп оқу түрі.
Оқудың осы түрін меңгеру барысында негізгі рөлді тө-
менде көрсетілген сабақ түрлері атқарады:
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
10