Page 15 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 15
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
себепті шығарманы талдау кезінде сынып болып түгел оқу-
шылар қатысуы тиіс. Оқушыларды бір-бірінің жауабын то-
лықтырып, жарысып, соңына қарай толық мәтін желісін құ-
растырып айтатындай дәрежеге жеткізуіміз қажет.
Жоспар құру.
Жоғары сынып оқушыларында мәтінге жоспар құру бірша-
ма қиындай түседі. 6-сыныптан бастап оқушы өздігінен жос-
пар құруға дағдылануы тиіс. Бірақ зерде бұзылыстары бар
оқушылардың өз бетінше жоспар құру қабілеті төмен. Сон-
дықтан мұғалім бөлімдерге оңай бөлінетін, негізгі ойды оңай
special.edu.kz. special.edu.kz.
анықтай алатын, мазмұны жеңіл шығармаларды іріктеп алуы
тиіс. Одан әрі оқушы тек қана бір әрекетті жүзеге асыра алады:
- дайын жоспармен мәтінді бөлімдерге бөледі;
- бөлімге ат қояды.
Оқыған мәтінді өз бетінше мазмұндау. Жоғарғы сынып
оқушылары мазмұндаудың бірнеше түрін (теріп мазмұндау,
толық мазмұндау, қысқаша мазмұндау т.б.) түрін қолданады.
Бұның өзі оқушылардың оқыған мәтіннің мазмұнын толық
түсінуіне жағдай жасайды.
Шығарманы талдаудағы соңғы кезең – шығарма
бойынша қорытынды әңгіме болып табылады.
Зерттеулердің нәтижесі бойынша оқу деңгейі төмен
special.edu.kz. special.edu.kz.
оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында берілген
үлкен көлемді әңгімені бірнеше шағын бөліктерге бөліп
алып, ол бөліктерге ат қою тиімді әдістердің бірі. Сонымен
қатар мәтінді оқу барысында оқушыларды түрлі ойындар
арқылы белсендіріп, сабаққа деген қызығушылықтарын
арттыру қажет.
Қорыта келе, жоғарыда айтылған тәсілдердің бәрі зерде
бұзылыстары бар балалардың дұрыс, жүгіртіп, мәнерлеп,
түсініп оқуларын дамытуға жағдай жасайды.
- Оқушылар мәтінді бөлімдерге бөліп талдайды;
- теріп оқиды;
special.edu.kz. special.edu.kz.
13