Page 11 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 11
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
мысты талап етеді. Физиологиялық, психологиялық ерек-
шелігіне байланысты балаға топта жұмыс істеу қиындық
туғызады. Сол себепті баламен жеке жұмыс түрі ұйымдасты-
рылады. Мұғалім әртүрлі қызықты ойын түрлерін қолдану ар-
қылы баланың сабаққа деген ынтасын арттырады. Мысалы:
«Сен сөйлем ішінде қанша сөзді дұрыс оқыдың? Сана. Мен
саған сонша жұлдызша беремін. Кеше сен қанша жұлдызша
алдың? Бүгін қанша жұлдызша алдың? Салыстыр».
Зерде бұзылыстары бар балалардың ішінде фонема-
тикалық есту қабілеті бұзылған балалар да көп кездеседі.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Фонематикалық есту қаблетінің бұзылуы оқушының дұрыс,
түсініп оқуына көп кедергі келтіреді. Сондықтан осындай
балалармен логопед маманы жұмыс жасауы тиіс. Логопед
балаларды арнайы топқа біріктіреді.
Р. И. Лалаеваның «Зерде бұзылыстары бар балаларда
оқу бұзылуының алдын алу» еңбегінде көптеген әдістеме-
лер көрсетілген.
Фонематикалық есту қаблеті бұзылған балаларға сөздегі
айтылуы ұқсас дыбыстардың реттілігін сақтауға, сол
дыбыстардың сөздегі орнын, санын анықтауға арналған жат-
тығулар беру қажет. Жұмыс барысында мұғалім оқушылар-
дың көру, сезіну талдауыштарына сүйенеді. Осы оқушы-
special.edu.kz. special.edu.kz.
лармен жұмыс барысында әртүрлі ойын тәсілдерін қолдану
қажет. Мысалы, «Ойдан құрастырылған магнитофон ойы-
ны». Нашар оқитын оқушы жақсы оқитын оқушының оқыған
мәтінін тыңдап отырады. Мұғалімнің «магнитофон қосылды!»
деген сөзінен кейін мәтіндегі сөйлемді нашар оқушының өзі
оқиды. Оқып болған соң сынып оқушылары таспаға жа-
зылған «мәтін нәтижелерін» талдайды. Көлемі аз оқылған
сөздерді көріп, естіп, тыңдап, айтып беру олардың оқуға де-
ген ынтасын арттырады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
9