Page 9 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 9

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Іштей оқу кезінде осы тапсырмаларды қолдану оқушы-
           лардың  мәтіннің  мазмұнын  түсінуіне  жағдай  жасайды.
           6-сыныптан  бастап  оқушылар  бүкіл  мәтінді  іштей  оқи
           алады. Содан соң мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұнын
           айтады.

                                    Жүгіртіп оқу
             Жүгіртіп оқу – сөйлеу тіліне тән жылдамдық. Жүгіртіп оқу
           барысында оқыған мәтіннің мазмұны оқу жылдамдығынан
           басым болады.
             Зерде бұзылыстары бар балалар мәтіннің күрделігіне
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           байланысты баяу оқиды. Н. К. Сорокинадан алған дерек-
           терге қарағанда нашар оқитын балалардың арасында оқу
           жылдамдығындағы айырмашылық көп емес.
             6-сыныптың  оқушыларының  өзі,  мәтіннің  күрделігіне
           байланысты, бір жылдамдықпен оқымайды. Оларда дыбысқа
           деген анализ және синтез бұзылған. Сонымен қатар сөйлеу
           тілінің бұзылуын да ескерген жөн. Көру қаблетінің төмендігі
           жұмыс  жасауды  нашарлатады.  Қабылдау  мүмкіндігінің
           шектелуі де оқу дағдысын меңгеруді тежейді. Сөздік қоры-
           ның кедей болуы, сөздік грамматикалық құрамын дұрыс
           қабылдамауы  да  оқу  дағдысын  меңгеруді  тежейді.  Осы
           себептердің бәрі оқушылардың мәтіннің арасындағы логи-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           калық байланысты көрмеуіне әкеледі.
             Зерде бұзылыстары бар балалар әріптерді, буындардың
           орнын ауыстырып оқиды. Бір сөздің соңымен келесі сөздің
           басын қосып жібереді. Тағы бірі мәтіннің ортасындағы оқу
           жолын түсіріп оқиды.
             Дұрыс оқу үдерісінің жылдамдығының төмендеуі арнайы
           мектеп оқушыларына тән құбылыс. Бұл құбылыс жалпы білім
           беретін мектептерде кездеспейді.

                                     Дұрыс оқу

             Дұрыс  оқу  –  бұл  сөздің  құрамындағы  дыбысты  бұз-
           бай, сөзге екпінді дұрыс қойып оқу түрі.                        7
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14