Page 27 - Әдістемелік құрал. Оқу және тіл дамыту_6 сынып
P. 27
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
3) сыныптан тыс оқу;
4) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
«Тілдесу» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) қарым-қатынастық дағдыларын дамыту;
2) жағдаятты болжау.
Оқу тақырыптарының атауы ретінде
қолданылатын бағдарлама бөлімдері
Пәнді оқыту барысында тарау бойынша келесі тақырып-
тар қамтылуы тиіс:
special.edu.kz. special.edu.kz.
Осы тақырыптар жыл сайын оқушы сыныптан
сыныпқа көшкенде қайталанып, күрделеніп, толық-
тырылып оқытылады.
6-сыныпқа арналған «Оқу және тіл дамыту» пәнінің
базалық мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым: аудиотаспаға жазылған
әртүрлі жанрдағы шағын мәтінді естіп, мазмұнын түсіну;
мәтіндегі жаңа сөздерді тауып, мағынасын түсіну; мағынасы
ұқсас және қарама-қарсы мәндес сөздерді іріктеу; шығар-
маның және оның бөліктерінің негізгі ойын анықтау; мұға-
лімнің көмегімен әдеби шығарманың кейіпкерін бейнелеу;
шағын шығармаларды сахналауға қатысу;
special.edu.kz. special.edu.kz.
2) оқылым: шағын ертегі, тақпақ, мәтіндерді мәнерлеп, дұ-
рыс, интонациясын сақтап, тыныс белгілеріне тоқтап оқып,
негізгі мазмұнын түсіну; әдеби сөздің нормаларын сақтай
отырып саналы түрде дауыстап дұрыс оқу; іштей оқу; тақпақ-
тарды жатқа айту; мұғалімнің көмегімен шығарманың тү-
рін анықтау және өз таңдауын дәлелдеу; сыныптан тыс оқу;
мұғалімнің көмегімен балаларға арналған газет-журнал-
дардан қажетті ақпаратты алу;
3) тілдесу: мәтін, сурет, ертегі, іс-әрекеттер бойынша;
таныс заттардың басты белгілерін анықтап, сипаттау; сұрақ-
қа толық жауап беру, жауапты кеңейту, өздігінен сұрақ қою;
диалогке даярлықсыз қатысу.
special.edu.kz. special.edu.kz.
25