Page 12 - 7.1.1
P. 12
special-edu.kz.
special-edu.kz.
2-тапсырма. Мына сөздердегi қатаң дауыссыздарды терiп жаз. special-edu.kz.
Үлгi: достық – с, т, қ.
достық қыс
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Отан
ферма
мектеп
қант
форма
астық
цех
моншақ
чемпион
сыйлық
күрес
халат
3-тапсырма. Мәтiндi оқы. Қатаң дауыссыздарды тауып, ас-
тын сыз.
Отан
Отан! Атамекен! Атажұрт! Бұл – адам баласының алғаш
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
көз ашқанда көретін жері, кіндігі байланған алтын қазығы.
Өз елін сүймейтін, өз Отанын мақтан тұтпайтын адам
ешқашан да үлкен азамат бола алмайды. Мен өз Отаным –
Қазақстанның бір кішкене бөлшегімін. Менің қазіргі мін-
детім – жақсы оқу, көп білім алу. Жақсы оқысам, кейін
өзім қалаған мамандық иесі бола аламын. Сол мамандығым
арқылы халқыма, Отаныма қызмет ете аламын.
Қазақстан Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде жаңарып,
қайта түледі. Сүйікті Отанымыздың биік асулардан асқан
жетістігі – елдің және біз секілді жас ұрпақтың игілігі.
Адам өмірден өз орнын табуда талапты, еңбекқор, із-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
денгіш болуы қажет. Болашақта Отанымның дамуына
үлес қосу үшін мен де алдыма биік талап қойып, талмай
талпынамын.
(«Балдырған» журналынан.)
4-тапсырма. Жұмбақтың шешуін тап. Қатаң дауыссыздарды
атап шық.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
10
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.